Өткен тәулікте 211 адамнан коронавирус анықталды

30 Желтоқсан 2022, 09:19 872

Өткен бір тәулікте елімізде коронавирус инфекциясына – 211, коронавирус белгілері бар пневмонияға 29 адам шалдықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

30 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 754 адам коронавирус инфекциясынан (–2 578+ және 176 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 247 пациент стационарда, 2 507 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

6 адамның жағдайы ауыр,

5 пациенттің жағдайы өте ауыр,

2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: