Өткен тәулікте 162 адамнан коронавирус анықталды

2 Желтоқсан 2022, 09:22 817

1 033 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда

Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте Қазақстанда 162  адамның коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі.

2 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 205 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 172 пациент стационарда, 1 033 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 8 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,  2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. 

EL.KZ
Бөлісу: