Өткен аптада елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеген

12 Тамыз, 23:32 395

Өткен аптада әлеуметтік азық-түлік бағасының орташа индексі 0,1%-ға төмендеп, жылдық өсу қарқынын нөлге түсірді. Мұндай деректер вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру жөніндегі кеңесте айтылды, деп хабарлайды primeminister.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Нарықтық факторлардың ықпалына қарамастан, ӘМАТ бағасының өсуін нөлдік деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік туған. Жедел әрі жүйелі шаралар қабылдай отырып, азық-түліктің 19 түрінің әрқайсысына бағаның ең төменгі өсуінің себептерін егжей-тегжейлі талдайтын өңірлермен маусымдық және апта сайынғы үкіметтегі кеңестер ӘМАТ бағасының өсуін нөлдік дәлізде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Кеңесте Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова көкөніс бағасының маусымдық төмендеуі басталғанын баяндады. Өткен аптада сәбіздің бағасы 1,1%-ға, картоп – 0,6%-ға арзандаған. Тауық жұмыртқасы (-0,5%), күріш (-0,2%), қант (-0,3%), айран (-0,4%), қарақұмық жармасы (-0,2%), бірінші сортты нан мен ұн (- 0,1%), сиыр еті (-0,1%) бағасының төмендеуі жалғасуда. Сонымен қатар күнбағыс майының құны ұзақ уақыт төмендеуінен кейін 0,5%-ға, тұз (0,2%), май (0,3%) өсуі байқалды.

Алдағы уақытта Қазақстанға бидай импортына толық тыйым салудың енгізілуіне байланысты вице-премьер Азық-түлік корпорациясына қазақстандық және ресейлік бидай арасындағы ұн тартқыштар үшін баға теңгерімін теңестіру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар фермерлердің Қытай тарапынан бидай импортын тоқтата тұру туралы шағымдарын ескере отырып, Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне осы мәселе бойынша ҚХР-мен келіссөздер жүргізу мүмкіндігін пысықтауды тапсырды.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы барлық өңір маусымнан тыс уақытта көкөністердің күзгі өніміне жеткілікті көлемде келісімшарт жасағанын алға тартты. Өңірлер бойынша көкөністерге келісімшарт жасасудың жалпы көлемі күзгі маусымаралық кезеңге қажеттілік көлемінің 108%-дан 186%-на дейін құрайды. Енді көкөністер мен басқа да әлеуметтік азық-түлік өнімдерін қыс пен көктемгі маусымаралық кезеңге арналған тұрақтандыру қорларына сатып алу үшін өңірлерде жәрмеңкелер басталады. Біріншісі 16-17 тамызда Қызылордада, одан кейін Түркістан, Жамбыл және Павлодар облыстарында өтеді.

Зарина Арман
Бөлісу: