«Өте қылықты»: Әсел Сағатованың видеосы желіде қызу талқына түсті

12 Қаңтар, 02:31 2331

Әлеуметтік желіде қазақстандық танымал актриса Әсел Сағатованың жаңа видеосы хитке айналып, оқырманның қызу талқысына түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Видеода актрисаның кештердің бірінде билеп тұрғанын байқауға болады. Желі қолданушылары Әсел Сағатованың сұлулығына тамсанып, жыл өткен сайын көркейіп жатқанын алға тартқан.

«Жыл өткен сайын ажарланып барады», «Өте әдемі келіншек», «Уау, сұлу қыз. Өте әдемі», «Қартаймай ма, әлі жап-жас болып тұр», «Өте қылықты», - деп жазды желі қолданушылары.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: