Ішкі істер министрі Ержан Саденов отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайы туралы баяндап, барлық билік органдары мен қоғамдық құрылымдарды кешенді көзқарас пен тартудың маңызын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол осы салада заңнамалық база құрылғанын еске салды. Ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл жәбірленушілерді қорғауды күшейтуге мүмкіндік берді.
2024 жылы отасылық-тұрмыста 260 ауыр қылмыс тіркелді (2023 жылы - 305), ал аса ауыр қылмыстар – 170 (2023 жылы - 134). Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы мамандандырылған бөлімшелер құрылды.
Жаңа жұмыс форматына көштік. Отбасылық жанжалдарға шақыру кезінде жәбірленушілерге сауалнама жүргізіледі. 26 мың отбасының сауалнамасы бойынша 1 мың қасақана зәбір көрсетуші анықталды. Олармен психокоррекциялық жұмыс жүргізілуде. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа куә болған балалармен жұмыс істеуге ерекше назар аударылады. Денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ағарту министрліктерімен дағдарыс орталықтарының қызметтерін алу бойынша бірлескен бұйрық әзірленді. Орталықтарда, мектептерде, емханаларда психологтардың деңгейін арттыру үшін – ІІМ Ақтөбе институты зорлық-зомбылықтың алғышарттарын ерте анықтау бойынша бағдарлама әзірледі. Қараша айында Ақтөбе облысының мамандары үшін курстар өткізілді. Бұдан әрі әкімдіктердің өтінімдері бойынша өткізілетін болады. Айта кетейін, мұнда барлық алдын алу субъектілерін тарту және әкімдіктерді үйлестіру талап етіледі, — деп атап өтті министр.