Отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік күшейтіледі

3 Маусым 2023, 09:04 1526

19 мамырдан бастап “Қылмыстық сот ісін жүргізу, жазаны орындау, сондай-ақ азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қатынас түрлерінің алдын алу бойынша адам құқықтары мәселелері жөніндегі қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң күшіне енді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ІІМ мәлімет бойынша, бұл заңмен отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді. Қылмыстық кодекстің 106 (Денсаулыққа ауыр зиян келтіру) және 107-баптарында (Ауырлығы орташа) “кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділіктегі адамға қатысты іс-әрекет жасау” деген саралау белгілері енгізілді.

Егер бұрын 106-бап бойынша 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделсе, қазір жаза 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құрайды. Сонымен қатар әкімшілік немесе қылмыстық іс жүргізу жәбірленушінің арызынсыз басталуы мүмкін. – Азаматтарды отбасылық-тұрмыстық салада жауапты болуға шақырамыз, – деді полицияда.

 

Асқар Таудай
Бөлісу: