Отбасылық құндылықтар күні Алматы перзентханасында атап өтілді

18 Наурыз, 04:22 611

Алматыдағы №4 қалалық перзентханада Шаңырақ күні (отбасылық құндылықтар күні) он бала дүниеге келді, оның ішінде төрт ұл және алты қыз, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Жас аналарды отбасындағы қуанышпен құттықтап, «Наурыз – базар» естелік сыйлықтарын табыс етті.

Перзентхана ұжымы аналарға мерекелік іс-шара дайындады, би ансамбльдері өнер көрсетті, гитара мен домбырада әндер орындалды. Сондай-ақ әйелдер үшін дәстүрлі ұлттық тағамдар дайындалды.

Журналистер келген кезде жаңа туған нәрестелермен бірге аналар мерекелік безендірілген залда отырды, олар қуаныштарын жасырмады.

31 жастағы алматылық Эрика №4 перзентханада төртінші баласын дүниеге әкелді. Әйел отбасындағы толығуға және көктемгі мерекелерге өте қуанышты.

Бұл жерде үлкен символдық мән жатыр, мен Наурыз мерекесі қарсаңында босандым, әсіресе қызымның дүниеге келуі отбасылық құндылықтар күнімен тұспа-тұс келді. Мен қазір осындай қуанышқа толып жатырмын, сөз жоқ. Ана болу – үлкен бақыт. Бүгін бізді салтанатты түрде құттықтап, сыйлықтар бергендеріне өте қуаныштымын. Баршаңызды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймын және баршаңызға зор денсаулық, бейбітшілік, өркендеу, әр үйге амандық және отбасында бақыт тілеймін, - деді төрт баланың анасы Эрика.

Перизат Саденова
Бөлісу: