OTBASY DUATLON 2023: Астанада отбасылық жарыс өтеді

16 Қыркүйек 2023, 06:50 624

Астанада 24 қыркүйек күні отбасылық дуатлон ұйымдастырылады. Жарыс екі спорт түрінен үш қашықтықта өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, ОTBASY DUATLON 2023 қатысушыларына тіркеу нөмірлері 24 қыркүйекте таңғы 8:00-ден 10:00-ге дейін беріледі.

Жарысқа 8 жастан 9 жасқа дейін, 10 жастан 11 жасқа дейін және 12 мен 13 жас аралығындағы балалар жас санаттары бойынша қатыса алады.

Жарыс спорттың екі түрінен үш қашықтық бойынша өтеді.
Қашықтықтың жалпы ұзындығы 4,5 шақырымды құрайды.

Әкелер старт сызығынан 2,1 км қашықтыққа бірінші болып жүгіреді, ары қарай эстафетаны жұбайына тапсырады, өздері транзиттік аймақта күтіп тұрады.

Велосипедпен 2,1 шақырымды екінші болып аналар жүріп өтеді, осыдан кейін 200 метр қашықтықта балалар жүгіреді.

Әр топтағы жарыс жеңімпаздары барлық қашықтықты бағындырған уақыт бойынша анықталады.
Марафоншылардың бәрі медальдармен марапатталады. Жеңімпаздар бірінші, екінші, үшінші орын дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар қатысушыларға премиум фитнес клубының арнайы сертификаттары беріледі.

OTBASY DUATLON іс-шарасына тіркелу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызға болады:
87470545900 Дарын, 87079779970 Ризабек.

Сондай-ақ қатысушылар арасында ұтыс ойыны ойнатылады.

Перизат Саденова
Бөлісу: