Отанындағы сот төрелігінен қашқан шетелдік Павлодарда ұсталды

Кеше, 10:13 306

Отанындағы сот төрелігінен қашқан шетелдік Павлодарда ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар қаласындағы рейдтік іс-шаралар кезінде жалдамалы пәтерлердің бірінде мемлекетаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматы құрықталды. Ол өз отанында аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін айыпталып, қылмыстан кейін жасырынып жүрген. Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал қазір оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Шетелдік азамат «Заңсыз такси жүргізуші» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында анықталған. Тереңкөл ауданында полиция көрші мемлекеттің азаматын Қазақстан Республикасында болу мерзімін бұзғаны үшін ұстады. Ер адамның елге белгіленген тәртіпте келгені анықталған, бірақ болу мерзімі өткеннен кейін елден шықпай, заңды бұзған. Шетелдікке қатысты материал сотқа жіберілді, ол халықтың көші-қоны туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапқа тартылды. «Заң және тәртіп» қағидаты көші-қон заңнамасын сақтау тұрғысынан қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды элементі болып табылады.

Бұл қағида азаматтардың құқықтарын қорғауға, көші-қон заңбұзушылықтарының алдын алуға және заңның мүлтіксіз орындалуын бақылауға ықпал етеді. Көші-қон нормаларына сәйкессіздік үшін жауапкершілік пен құқықтық тәртіпті қадағалау қоғамдағы тұрақтылық пен әділеттілікті нығайтуға септігін тигізеді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: