Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WTA) жариялаған рейтингіде отандасымыз Қамшыбек Қонқабаев төртінші позициядан үшінші орынға көтерілді, деп хабарлайды El.kz «ҚазАқпарат» сайтына сілтеме жасап.
Аса ауыр салмақ дәрежесіндегі былғыры қолғап шеберлері арасында қазақстандық Жан Кособуцкий тоғызыншы позициядан сегізінші орынға көтерілді. Ал Иван Дычко бұған дейін тұрақтаған 15-ші орнын сақтап қалды. Бұл салмақта «Суперчемпиондық» атақ Александр Усиктің еншісінде болса, рейтингінің алғашқы үштігіне конголық спортшы Мартин Баколе, америкалық Майкл Хантер мен Деонтей Уайлдер енді.
Ал екінші орта салмақта өнер көрсететін Айдос Ербосынұлы бесінші орынға сырғыды. Ол бұған дейін аталған салмақ дәрежесінде көш бастап тұрған еді. Сондай-ақ, қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет рейтингіде бір сатыға төмендеді. Атап айтқанда, ол оныншы орыннан он бірінші орынға сырғыды.
Екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсететін ел боксшысы Сұлтан Заурбек бұл уақытқа дейін тұрақтаған сегізінші орында қалды. Рейтингінің үздік үштігіне америкалық Ламонт Крауч, грузин боксшысы Отар Эраносян және ирландиялық Джон Кэрролл кірді.