Отандық ғылымға бөлінетін қаражат «жетім қыздың жүгіндей» – Нартай Сәрсенғалиев

20 Наурыз, 15:03 1141

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев премьер-министр Олжас Бектеновке отандық ғылымға бөлініп жатқан қаржыға қатысты сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілісменнің сөзінше, ғылымы дамыған елдер ғана топ жарып, экономикасы қарыштап дамып жатқан заманда Қазақстанда ғылымға бөлінетін қаражат тым аз. Депутат білімді адамдардың шетел асып кетуінің бірден-бір себебі де осында дейді.

Қазақта «Ғылым – теңіз, білім – қайық» деген қанатты сөз бар. Бірақ біздегі бүгінгі байламмен қарасақ, теңіміз тартылып, қайығымыз қайраңға шығып қалды. Себебі отандық ғылымға бөлінетін қаражат «жетім қыздың жүгіндей» болып тұр. Әлем, келесі кезекте ғылымның қай саласында тыңнан түрен саламыз, қай биікті бағындырамыз деп жүргенде біз ғылымға ақшаны қайдан табамыз деп түбі тесік қалтамызды түрткілеп отырмыз. Содан кейін елден ақылды бастар кетіп жатыр деп сан соғатынымыз және бар, - деді Нартай Аралбайұлы.  

Ғылым саласына жауаптылардың жалпы ішкі өнімнің кем дегенде 1 проценті ғылыми зерттеулер мен өндіріске жұмсалса деген өтініші де қанағаттандырылмай келеді.

Биыл республикалық бюджеттен ғылымды қаржыландыруға 204 млрд теңге қарастырылған. Бұл сумма 2025 жылы 242,6 млрд теңгеге, 2026 жылы 259,5 млрд теңгеге жетеді.  Бір елдің ғылымын аяққа тұрғызып, дамыту үшін бұл қаржы жеткіліксіз. Дегенмен онсыз да ішер ас, киер киімге жарымай, жұмыссыздықтан қиналып жүрген жұрттың аузынан артық ақшаны жырып алу мүмкін емес, оған ешкім құқығы да жоқ, - деді ол.

Мәжілісмен бұл мәселені бюджетке қол салмай-ақ шешудің жолын ұсынды. Ол үшін заңға көз жүгірту жеткілікті.

Қазақстанның жерасты байлығын қалағанынша игеріп, қисапсыз қаржы тауып отырған компаниялар ақшасының 1 пайызын ғылымды дамытуға беруі тиіс. Заңда солай көрсетілген. Бар болғаны 1 пайызын ғана. Бірақ сол талаптың өзін көкпарға салған алып компаниялар ақырында отандық ғылымды бюджетке мөлитіп қойды. Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің бірінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жер қойнауын пайдаланушылардың өндіріске жұмсайтын қаржысының 1 пайызын Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға міндетті инвестиция ретінде құюына айрықша назар аудару қажет. Бұл ретте өндіруші компаниялардың аталған шығындарын орталықтандыруды жалғастыру керек» - деді. Алайда қазақтың жеріндегі байлықты барынша қазып отырған Жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың сол 1 пайыз қаржысын ғылымға жолдап жатқаны жөнінде ашық ақпарат жоқ, - деп наразылығын білдірді депутат.

Нартай Сәрсенғалиев ғылымның нақты қай саласына қаржылық қолдау көрсетілгені туралы да анық дерек жоқтығын алға тартты:

Жер қойнауын пайдаланушы қай компания ғылымның қайсы саласына қанша ақша салды деген нақты сұраққа салаға жауапты министрлік өкілдері нақты жауап бере алмағанын да көрдік бәріміз. Қазақтың жеріндегі байлықты қалағанынша игеріп, қымбатшылықтан әбден зәрезап болған Қазақ халқының ғылымын дамытуға ақшасының 1 пайызын қимай, Заңды тиісінше орындамай отырған компанияларды қатаң тәртіпке шақырар кез келді. 

Осы ретте депутат нақты ұсыныстарын жеткізді:

Мадина Асылбекова
Бөлісу: