Отан соғысы ардагерлерін іздеуге арналған онлайн платформа іске қосылды

Бүгiн, 08:35 388

Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен Ұлы Отан соғысының ардагерлерін іздеуге және байланыстыруға арналған «Батырларға тағзым» атты онлайн платформа іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Tлорда әкімдігінің ресми сайтының жазуынша, онлайн платформаға Ұлы Отан соғысының ардагерлері жайлы тың мәліметтер жариялауға, сол сияқты батырлар жайлы ақпараттар табуға болады.

Оған қатысу үшін Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагердің тарихын, фотосуретін және жұрт білмейтін қырлары, сондай-ақ құжаттары, алған наградалары, соғысқан аймақтары жайлы ақпарат жариялауға болады.

Батырларға тағзым» жобасы Ұлы Отан соғысына үлес қосқан отандастарымыздың жадын сақтау үшін арнайы құрылған, бұл біздің ортақ тарихымыз бен парызымыз, бұл біздің соғысқа қосқан үлесіміз, - деп жазды платформа басшылығы.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: