15 Қазан 2014, 09:41
Google-ді таймер ретінде
Іздеу ауданына «set timer» деген сұраныс еңгізу керек. Мысалы, «set timer 7 minutes». Сонда веб-бетте таймер пайда болады.
Google-таймер
Кез келген киноның релиз күні
Егер де «фильм атауы release date» деп жазатын болсаңыз, ол кино туралы барлық ақпаратты көре аласыз. Кино жақсы көретін адамдар үшін таптырмас құрал.
Google-фильмдер
Әншінің әнін тыңдау
Іздеу жүйесіне «songs by әнші аты» жазса, сол әншіге тиесілі композициялар шығады. Сол беттен тікелей әуенді тыңдауға мүмкіншілік бар. YouTube-гі әндері қосылады.
Google-ән
Белгілі бір автордың кітабы
Тез арада қызықтырған авторды және оның кітаптарын табу үшін «books by автор аты» сұранысын еңгізу керек. Басты бетті оның танымал еңбектері шығады.
Google-книги
Ұшу тарулы ақпарат
Білу керек ұшу бағыты туралы ақпаратты «flights рейс нөмері, компания аты» сұранысы бойынша іздеп табуға болады. Керекті барлық ақпарат көрсетілетін болады.
Google-ұшақтар
Күннің шығуы
Күннің орнын анықтау үшін «sunset», «sunrise» және «time» сөздерін пайдалануға болады. Әрдайым уақыт жайында хабардар болып жүресіз.
Google-уақыт
Калькулятор
Математикалық ұғымды еңгізе бастағанда веб бетке кіріктірілген қызмет пайда болады.
Google-калькулятор
Валют бағамы
Қажетті валюталарды еңгізсеңіз жетерлік. Сонымен қатар валютаның өзгеру бағамы да көрсетіліп тұрады.
Google-конвертер
Өлшем бірліктер
Жоғарыда аталғандай жұмыс істейді. Бірақ мұнда барлық өлшем бірліктері бойынша ақпарат табуға болады.
Google өлшем бірліктер
Сөздің этимологиясы (ағыл.)
Белгілі бір сөздің қайдан шыққанын білгіңіз келсе, онда бұл қызмет сіз үшін. Іздеу жүйесіне еңгізілген сөзден кейін «etymology» сөзін жазса, сол туралы ақпарат көрсетіледі.
Google-сөздер
Міне, Google-дың біз білетін және білмейтін осындай қызметтері бар, алдағы уақытта бұл санмен шектелмейді деп ойлаймыз.