Осы жылы жұмысқа кірген 3 мың мұғалімнің қалай қабылданғаны тексеріледі

5 Шілде 2022, 13:50 1665

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында айтты

Осы жылы жұмысқа кірген 3 100 мұғалімнің қалай қабылданғаны тексеріледі. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты,– деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

– Мемлекеттік білім беру ұйымдарына мұғалімдерді жұмысқа қабылдау тәртібін 2021 жылдың 19 қарашасында бекіттік. Яғни, сол уақыттан бастап күшіне енді. Біріншіден, әр мектептің, білім басқармасының, білім бөлімінің бастығы осы тәртіпті білуі тиіс. Екіншіден, оны орындау қажет, – деп атап өтті Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында.

Оның дерегінше, жаңа тәртіп бекітілгеннен кейін 3 100 адам жұмысқа қабылданған.

– Осы адамдардың жұмысқа қабылдану тәртібін біздің комитет тексеруі керек, қараймыз. 3 100 адам деген көп емес. Конкурс өткізілді ме? Конкурс нәтижесі ашық қаралып, дұрыс шешім қабылданды ма? Оны тез он күннің ішінде қарап шығуға болады. Үлкен жұмыс емес. Қарағаннан кейін әрбір облыс бойынша ақпарат беріп, қажет болса ауытулар орын алса, онда тиісті шара қабылдауға мүмкіндік болады, – деді министр.

Бөлісу: