Қостанайда жалған акциз жапсырылған алкоголь өнімі тәркіленді

4 Қазан 2022, 17:26 1155

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді

Қостанайда жалған акциздік маркалар жапсырылған 23 мыңнан астам бөтелке көлеміндегі алкоголь өнімінің 40 түрі тәркіленді, деп хабарлайды El.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

«ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті бұрын тіркелген сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері бойынша контрафактілік есепке алу-бақылау таңбалары бар алкоголь өнімдерін сақтау және сатумен айналысқан ЖШС құрылтайшысын әшкереледі. Тінту кезінде анықталған қоймалардан жалған акциздік маркалар жапсырылған 23 мыңнан астам бөтелке көлеміндегі алкоголь өнімінің 40 түрі тәркіленді. Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр», - делінген ресми хабарламада.

Бөлісу: