Қостанайда ең үздік әкелер таңдалды

13 Қыркүйек 2018, 06:49 1946

Қостанайда Достық үйінде Отбасы күні аясында Аналар кеңесінің бастамасымен өткізілген Әкелер фестивалінде ең үздік әкелер марапатқа ие болды.

Ең үздік әке атағына облыстың барлық аудандарынан ұсыныстар келіп түсті, арнайы құрылған комиссиямен үлгілі жеті әке іріктеліп алынды. Олар фестивальге отбасымен келді.

Мысалы, Александр Русанов ұл балаларының тәрбиесімен тиянақты айналысып келеді, 2007 жылы Қарабалықта «Росомаха» атты мотоциклшілер клубын ашқан

- Былтыр біздің техникалық шығармашылық клубымыз 10 жылдық мерейтойын атап өтті.  Біздің мотоциклшілеріміз сан түрлі трюктерді орындап, таңғажайып шоу көрсетті.  Екатеринбургтен, Мәскеуден, Астанадан қонақтар келді. Мектептің қызмет көрсету мерзімі барысында біз 40-қа жуық спортшы дайындап шығардық. Менің ұлдарым да осы спорт түрімен айналысады, үлкен ұлым 6,5 жасында республикалық байқауда ең жас мото шабандоз ретінде марапатталды, - дейді А. Русанов. 

Қазір «Росомаха» мотомектебіне алты жасар және одан жасы жоғары 7 бала қатысады. 

Жітіқаралық Аманжол Жулаев 13 жыл бойы мектеп директоры қызметін атқарып келеді.  Балалар оны жақсы көреді, белгілі бір мәселелер туындаған жағдайда бірден соған жүгінеді. А.Жулаев спортты да қатар алып жүреді, футбол, хоккей, волейболмен әуестенеді.

- Біз демалыс уақытында үйде отырмаймыз, спортпен шұғылданамыз. Біздің отбасымыз спортқа жақын. Жұбайым – шаңғышы, ұлым – футболшы. Балаларды жақсы көріп қана қоймай, құрметтей білу керек, - дейді А.Жулаев.

Ұзынкөл ауданынан келген Владимир Янин үлгілі әкелердің қатарынан көрінді. Ол мектепте Әкелер кеңесін ұйымдастырып, балалармен, соның ішінде әке қамқорлығынан айрылған балалармен белсенді жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, Жеңіс Абилов (Әулиекөл ауданы), Жүзбай Сәндібекұлы (Алтынсарин ауданы), Руслан Ибрагимов (Қостанай), Әнуар Сауытбаев (Науырзым ауданы) марапатталды. 

Әкелер фестивалінде 8 отбасылық дуэт ән айтып, құттықтауларын жеткізді. Олардың қатарында Наталья Пикулева және оның қызы Анастасия, Майра және Қадыр Қаржауовтар, әпкелі-сіңлі Ольга және Виолетта Квитка. 

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар «Ең үздік әке» фотобайқауының жеңімпаздарын марапаттады. Олардың бірі - Павел Бардюжа. Ол қазіргі уақытта Кира есімді кішкентай қызына күтім көрсетіп, мәпелеп өсіруде. 

- Жұбайым университетте қызмет атқарады, мұндай қызметтен бас тартуға болмайды, сондықтан да мен бала күтіміне байланысты демалыс алуды ұйғардым. Біз таңертең оянамыз, жуынамыз, тамақ ішеміз, содан кейін ойын ойнаймыз. Түскі үзіліс уақытында мен оны ұйықтатып, өзім үй шаруаларымен айналысамын, - дейді Павел. 

Өткізілген мерекеге қонақтар мен әкелердің көңілдері толып, ұйымдастырушыларға шын ниеттен алғыстарын білдірді.

Бөлісу: