Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

29 Шілде 2022, 14:40 1446

Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті

Мұрат Сандыбаев Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz

«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Мұрат Миртайұлы Сандыбаев Ұзынкөл ауданының әкімі қызметінен босатылып, ағымдағы жылдың 28 шілдеден бастап Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды», - деп хабарлады Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Мұрат Сандыбаев - Ұзынкөл ауданының тумасы. Әр жылдары Федоров ауданы әкімінің орынбасары, Қостанай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Ұзынкөл ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

Бөлісу: