Қостанай облысында өртке байланысты шұғыл желі іске қосылды

3 Қыркүйек 2022, 23:26 1141

Көмекке мұқтаж азаматтар 112 немесе 101 телефондарына хабарласуына болады.

Қостанай облысындағы табиғи өртке байланысты көмекке мұқтаж халық Төтенше жағдайлар департаментінен ашылған жедел желі телефонына хабарласуына болады, деп хабарлайды El.kz.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жергілікті атқарушы органдар эвакуацияланған адамдарды Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастырды. Төтенше жағдайлар департаментінде 8 717 2 53 32 84, 8 714 2 50 36 24 жедел желі ашылды, психологтардың жұмысы ұйымдастырылды.

«Сонымен қатар көмекке мұқтаж азаматтар 112 немесе 101 телефондарына хабарласуына болады»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ онда Қостанай облысының әкімдігі жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау мәселесін пысықтап жатқаны айтылған.

Бөлісу: