Қостанай облысында 96 млн теңге бюджет қаржысы ұрланған

12 Қыркүйек 2022, 15:51 957

Қостанай облысы бойынша департаменті ауыл шаруашылығы саласында бюджет қаржысын ұрлаған

Қостанай облысында 96 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті ауыл шаруашылығы саласы субъектілерінің сенімін теріс пайдалану және алдау жолымен ауыл шаруашылық тауарларының сапасы мен өнімділігін арттыру бағдарламасы аясында субсидия түрінде, соның ішінде картоп тұқымын сатып алу үшін бөлінген бюджет қаражатын бірнеше рет жымқырған азаматқа қатысты қылмыстық істі аяқтады.

Осы азаматтың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 96 млн теңгені құраған.

ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Бөлісу: