Қостанай облыстық Аналар кеңесі Отбасылық мерекелік дастарқан ұйымдастырды

4 Маусым 2019, 16:05 3798

 Қостанай облыстық Аналар кеңесі «Отбасылық мерекелік дастарқан» акциясын өткізді

 Аналар кеңесі қызметінің негізгі бағыттарының бірі – қиын өмірлік жағдайға душар болған жанұяларға және көпбалалы отбасыларға  қолдау көрсету.

«Біз көпбалалы отбасын дәстүрлі отбасының эталондық моделі ретінде қарастырамыз. Мұндай жанұяда өскен балалар бауырмал, бір-біріне қамқоршыл, еңбекқор келеді. Ата-аналардан да зор жауапкершілік талап етіледі, себебі олар отбасының ұйтқысын сақтауы тиіс, ал оларды қоршаған жандар өзара жағымды қарым-қатынас құрудың үлгісін көретін болады. Сондықтан, біз көпбалалы отбасы балаларына мереке ұйымдастыруды жөн көрдік», - дейді Аналар кеңесінің төрайымы  Шушаник Саркисян.

Аналар Кеңесінің бастамасын қаладағы  мейрамхана, дәмхана өкілдері қолдады, олар халықаралық балаларды қорғау күніне орай көпбалалы жанұяларға қол ұшын созуға келісті.

Мереке қарсаңында мейрамханалар мен дәмханалар көпбалалы жанұяларға азық-түлік жиынтықтарын жеткізуді ұйғарды.

Қостанай қаласындағы 26 көпбалалы отбасы картоп, ұн, күнбағыс майы, жеміс-жидек және тәтті өнімдермен қамтамасыз етілді.

1 маусым күні  мейрамханалар мен дәмханаларда 65-тен астам адам - 11 жанұяның балалары мен бейімдеу орталығының 10 тәрбиеленушісі үшін түскі ас әзірленді.

Кейбір мекеме ұжымдары балалар үшін ойын бағдарламаларын даярлады.

Бөлісу: