Қостанай өңірінің аз қамтылған отбасы тәрбиеленушілеріне ойын-сауық кешендеріне тегін кіруге мүмкіндік жасалды

9 Қаңтар 2019, 05:36 1864

Қостанайда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар Кеңесінің бастамасымен «Қайырымды істер күні» жобасы іске асырылуда.

Қайырымдылық таныту акциялары қысқы, көктемгі, жазғы және күзгі оқушылар демалысы кезінде өткізіледі. Жоба аясында тұрмыс жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардың балаларын Қостанай қаласындағы ойын-сауық кешендеріне тегін апаруға мүмкіндік қарастырылған.

«2018 жылдың соңында өткен облыстық сессия барысында Аналар кеңесінің төрайымы ұзақ мерзімді қайырымдылық жобасын бастап, оған демеуші ретінде қалалық және облыстық кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, балаларды қаладағы мәдени, спорттық, ойын-сауықтық кешендерге апару арқылы оларға қуаныш, мейірім сыйлау идеясын ұсынды. Бастамамызды қолдаған жандарға алғысымыз шексіз», - дейді облыстық Достық үйінің маманы Людмила Ковальчук. 

Тұрмыс жағдайы төмен және көпбалалы отбасылар балаларының тізімін қалалық және аудандық мектептердің өкілдері қалыптастырады. Балалар өз таңдаулары бойынша аквапаркке, сырғанаққа, ойын-сауық кешендеріне, ат спорты клубына, театрға бара алады.

8 қаңтар күні  бүлдіршіндер аквапаркке барып, белгілі бір қашықтыққа жылдамдыққа жүзу мен бір-біріне жүзу тәсілдерін үйренді.

Дәл сол күні қалада ойын-сауық орталығының ашылу салтанаты өтті. 8 баланы асырап, бағып отырған Төлегеновтар жанұясы аталмыш ұйымның есігін бірінші болып ашты.

Корей этномәдени бірлестігінің мұғалімдері бірлесіп, бұл жанұя үшін 2016 жылы Алжанька ауылынан үлкен үй салдырғаны белгілі. Аталмыш отбасы облыстық «Үздік отбасы» байқауының жеңімпазы, облыс атынан республикалық байқауға қатысты.

Бөлісу: