ҚОСТАНАЙ ДОСТЫҚ ҮЙІ МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨМЕКТЕСУ ҮШІН АКЦИЯ ӨТКІЗЕДІ

15 Ақпан 2019, 11:40 2506

Қостанайда «Ашық жүрек» қайырымдылық акциясы басталды. Оны Қостанай Достық үйі ұйымдастырып отыр. Ниет білдірушілер аз қамтылған, көп балалы отбасыларға және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесе алады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен 2019 жылдың әр айы қайырымдылық іс-шаралар белгісімен өтеді. Мұндай күнтізбе қазақ халқының әдет-ғұрыптарымен байланысты болады. Мысалы, ақпан айы «Сыбаға» деп аталады. Осы айдың аясында Достық үйі ұйымдастырып отырған қайырымдылық акциясында қала тұрғындары бір-біріне көмек көрсететін болады.

«Осы айдың аясында біз «Ашық жүрек» қайырымдылық акциясын өткіземіз. Осы акция аясында қала тұрғындары мұқтаждарға көмек көрсете алады. Олар көп балалы отбасылар немесе өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар», –дейді «Қоғамдық келісім» КММ талдау және мониторинг бөлімі басшысының м.а. Руслан Мырзағалиев.

Қостанайлықтар кез келген заттармен: тұрмыстық заттар, ыдыс, киім және т.б. бөлісе алады. Барлық пайдаланбайтын, бірақ жақсы сақталған заттар. «Материалдық көмек жинау және қайырымдылық акциясы 22 ақпанға дейін жалғасады. Біз мына мекенжайда тұрамыз: Алтынсарин, 115 (облыстық Достық Үйінің ғимараты). Сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейміз. Осы аралықта көмек заттарын әкелуге болады. Анықтама үшін 50-08-02, 39-28-30 телефондары арқылы хабарласуға болады», – деп анықтама берді Руслан Мырзағалиев.

Қалалықтардың мұқтаж жандарға берген көмегі акция аяқталған соң бірден жеткізілетін болады.

alau.kz

Бөлісу: