Қосшыда бір күнде екі адам жоғалды

27 Тамыз 2022, 07:39 1252

Сондай-ақ аталған қаладан 2016 жылы дүниеге келген Бекболат Әбунасыр Елубайұлы жоғалды.

Қосшы қаласында жоғалған адамдар туралы ақпарат instagram әлеуметтік желісіндегі qosshym_jomart парақшасында жарияланды, деп хабарлайды EL.KZ.

1990 жылдың 25 наурызда дүниеге келген Эльфия  Фаткулинаның психикалық дамуы тежелген. Ол  бүгін сағат 16:45 шамасында Қосшы қаласы, Шырақ көшесі, 11-үй мекенжайы бойынша үйінен шығып кеткен, – деп жазылған.

Сондай-ақ аталған қаладан 2016 жылы дүниеге келген Бекболат Әбунасыр Елубайұлы жоғалды. Ата-анасы жұмыстан келген кезде ұлы үйде болмай шыққан. Еріктілер Эльфия  Фаткулина мен Бекболат Әбунасырды іздеу үшін "Аружан Плаза" мейрамханасының жанына жиналып, іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: