Өскемендегі жоғару оқу орны SINGAPORE POLYTECHNIC-пен меморандум жасады

25 Мамыр, 08:41 505

ШҚТУ SINGAPORE POLYTECHNIC-пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Singapore Polytechnic компаниясымен ынтымақтастықта қызмет атқарады. Қазақстан-Сингапур ректорлары форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары аясында тиісті меморандумға қол қойылды.

Жалпы, ШҚТУ мен Singapore Polytechnicарасындағы ынтымақтастық 2022 жылыХалықаралық CDIO бастамасы аясында басталып және ШҚТУ серіктесі болып табылады.

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ қызметкерлеріжоғары білім және ғылым Министрлігінің делегациясы құрамында The program of the Kazakhstan-Singapore Forum-ға барды. Қолқойылған меморандум шеңберінде ШҚТУ және Singapore Polytechnic ғылым және білім саласында бірлесіп жұмыс істейтін болады, бұл ынтымақтастық екі жоғары мекеме арасында біліммен дағдыларды одан әрі алмасуға, тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға ықпал етеді.

Зарина Арман
Бөлісу: