Өскемендегі өрт сөндірушілер мейрамханада шыққан өртті сөндірді

11 Ақпан, 22:13 654

Өртті сөндіруге жеке құрамның 32 адамы және 8 техникасы тартылды. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Шатырдың құрылымы ағаштан жасалғандықтан өртті сөндіру қиынға соқты, осыған байланысты өрт тез тарады.

150 шаршы метр аумақты алған өрт сөндірілді.
Алдын-ала болжам бойынша өрттің себебі - сору конструкциясын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

Кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұраймыз:

бұзушылықтарды уақтылы жою;

объектіде жарамды өрт дабылы болуы керек;

өрт сөндіру құралдарының қажетті саны болуы керек;

эвакуацияның жолдарын бос ұстау;

электр желісін шамадан тыс жүктемеу.

Перизат Саденова
Бөлісу: