Өскемендегі аптап ыстықтан жедел жәрдем көмегіне жүгінетін балалар саны артқан

9 Маусым 2023, 10:15 976

Өскемен қаласында күн сайын ыстық өткен 1-2 балаға жедел жәрдем қызметкерлері көмекке баруда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Соңғы күндері Шығыс Қазақстан облысында аптап ыстық байқалып отыр. Ауа температурасы күрт ысып, сынап бағанасы 41 градусқа дейін көтерілді.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, осы аптаның басынан бері Өскеменде бірнеше бала ыстықтан зардап шеккен. Ал ересектер арасынан дәрігер көмегіне ешкім жүгінбеді.

Қазір қала бойынша күн сайын ыстық өткен 1-2 баланың ата-анасы жедел жәрдем шақыруда. Ал аудандардағы жағдай тұрақты. Ыстық ауа райында бас киімсіз көшеге шықпаңыз. Мүмкіндігінше, сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін күн астында жүру уақытын шектеңіз. Көшеге шығарда ашық түсті киімдерді таңдаңыз. Жиі су ішіп жүріңіз, - дейді облыстықжедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Гүлнәр Кекіманова.

Равиль Ашығали
Бөлісу: