Өскеменде зейнеткер әжей терезеден секіріп кетпек болды

2 Желтоқсан, 23:22 613

Өскеменде 112 пультіне 1955 жылы дүниеге келген зейнеткер терезеден секірмекші болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға Әл-Фараби көшесі бойындағы үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға орнына дереу құтқарушылар, психолог Дина Тоқтарханова және жедел жәрдем қызметкерлері жеткен. Психолог тұрғынмен байланыс тауып, дер кезінде сөз жәрдемін бере білген. Осылайша оқыс оқиғаның алдын алынды. Зейнеткер аман қалды. 

 

Зарина Арман
Бөлісу: