Өскеменде ҰОС ардагері Құрмат Рахимовтың ғасырлық мерейтойы аталып өтті

19 Маусым, 08:34 603

Өскеменде атаулы күнге орай Шығыс Қазақстан полицейлері батыр Рахимовқа арналған қабырға суреті мен құрмет тақтасының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Бүгін нысанның салтанатты ашылуына ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Айдар Сайтбеков, ардагерлер, ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері, Құрмат Рахимұлының туыстары мен жақындары қатысты.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденовтің, жеке құрамның және жеке өзімнің атымнан Құрмат Рахымұлын 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін.
Бұл маңызды салтанатты шараның полиция күні қарсаңында өткеніне қуаныштымыз. Баршамыз үшін нағыз ерліктің, Отанға деген сүйіспеншіліктің нышаны іспетті қызмет етіп келе жатқан осындай ғажайып тұлғаның қасында өмір сүріп жатқаны облыс тұрғындары үшін бақыт. Бүгін мен ардагердің туыстары мен жақындарына, ШҚО ПД қызметкерлеріне, сондай-ақ ақсақалдың жерлестеріне және батырымыздың өміріне қолдау білдірген баршаға алғыс білдіргім келеді», - деді полиция генерал-майоры Айдар Сайтбеков.

Мерейтой иесі үшін фотосуреттері бар ретро-лента ұйымдастырылып, 1960-шы жылдардың стиліндегі жұмыс кабинетінің бұрышы импровизацияланды, онда өңір басшысы Ермек Беделбайұлы Құрмат Рахимұлын құттықтап, Солжағалау саябағында ардагерлермен бірге солдат ботқасы мен соғыс уақыты туралы әңгімелері, «Жеңіс күнін» қалай атап өткенін жылы лебізімен еске алды.

Құрмат Рахимұлы Рахимов 1942 жылы майданға аттанғанын атап өткен жөн. Невель қаласынан Кенигсбергке дейін, Беларусь, Литва және шығыс Пруссия аумақтары арқылы шайқастармен өткен, кейіпкер сол жерде көптен күткен Жеңісті қарсы алған.
1965 жылы Өскеменде полиция погонын тағып, облыстық ІІБ бастығының орынбасары қызметін атқарған. 1981 жылы ол құрметті еңбек демалысына шықса да, бүгінгі күнге дейін өз ісіне адал болып қала берді.

Ұлы Отан соғысы және ІІО ардагері II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Кенигсбергті алғаны үшін", "Германияны жеңгені үшін", "Жауынгерлік еңбегі үшін" медалімен және басқа да мерейтойлық наградалармен марапатталған. Ал биыл ақсақал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан "Құрмет" орденімен марапатталды.

Зарина Арман
Бөлісу: