Өскеменде терроризм туралы жалған хабарлама берген оқушы ұсталды

16 Қараша 2022, 17:25 1363

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті

Өскемен қаласы білім беру бөлімінің электрондық мекенжайына қаланың 6 мектебін жару қауіпі жөнінде хат келіп түсті. Тексеріс барысында ақпарат расталмады, жарылғыш заттар анықталмады, деп хабарлайды El.kz

Терроризм актісі туралы көрнеу жалған хабарлама үшін облыстық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. 15 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында департаменттің Эктремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесе отырып, жалған хабарлама үшін қаланың бір мектебінің 9-сынып оқушысы анықталып, ұсталды.

Оқушы мектептегі тестілеуге дайын болмағандықтан, осындай әрекетке барған Ішкі істер министрлігі терроризм актісі туралы көрнеу жалған хабарлама үшін бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл (бүгінгі күні 15,9 млн теңге) не болмаса осы мөлшерде түзету жұмысына, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе айыру жазасына тарту көзделгенін ескертеді.

Жыл басынан бері осындай фактілер бойынша 140 қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс жасағандары үшін 36 адам ұсталды, олардың 17-сі әртүрлі жазаларға сотталды. Қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталады, сондықтан оны мектеп оқушыларына да ескерту қажет.

EL.KZ
Бөлісу: