Өскеменде саяжайлардың бірінің шетінен 45-50 жастағы белгісіз әйелдің мәйіті табылды. Полиция дерегінше, марқұмның денесінде айтарлықтай жарақаттары анықталған, деп хабарлайды YK-news.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО Полиция департаменті адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, тиісті сараптама тағайындалғанын айтты. Күдікті әлі табылған жоқ.
Қала тұрғындарының айтуынша, полиция бірнеше күн бойы Прохладная ауданындағы саяжайлар мен "Турист" автобазасын күзетуде.