Өскеменде рұқсат етілмеген жерде суға түскен ер адам батып кете жаздады

26 Маусым, 06:26 703

Өскеменде 30 жастағы ер адам Үлбі өзеніне батып кете жаздады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өзен бойындағы Протозанов көшесінің маңында куәгерлер құтқарушылардан көмек сұраған. ТЖД қызметкерлері қайықпен дереу жетіп, суға батып жатқан ер адам құтқарып қалды.

Белгілі болғандай, ол аптап ыстықта рұқсат етілмеген жерде суға түскен. Алайда қатты ағыс салдарынан  қаа тұрғыны өздігінен жағаға жете алмаған.

Құтқарушылар 1994 жылы туған ер адамды қауіпсіз жерге жеткізіп, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Shko Tjd Dchs Vko (@shygysqaz_tjd)

Перизат Саденова
Бөлісу: