Өскеменде қоғамдық көліктердегі камераны полиция бақылап отырады

Бүгiн, 06:28 323

Өскемен қаласында қоғамдық көліктерге орнатылған бейнебақылау камералары Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының жүйесіне интеграцияланбақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мұндай тапсырманы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов «ONAY!» халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуында берді. Бұл жобаны іске асыру жұмыстары жақын арада басталады.

Әкімдіктің мәліметінше, қала ішінде қатынайтын жаңа автобустарда қазірдің өзінде сегіз камерадан орнатылған, сондай-ақ мұндай бақылау жүйелері басқа да көлік құралдарында бар.

Камераларды Жедел басқару орталығының жүйесіне қосу құқық қорғау органдарына ақпаратты жедел түрде жеткізуге, бұзақылық әрекеттерге шұғыл әрекет етуге және қоғамдық көліктегі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді аймақ басшысы.

Біз бұған дейін Өскеменде  қоғамдық көліктер электронды төлем жүйесіне көшкені туралы жаздық.

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: