Өскеменде полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

23 Қыркүйек, 13:26 542

Өскемен қаласында полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО Полиция департаменті қайғылы оқиға қаладағы Малая объездная көшесінде болғанын мәлімдеді.

Полиция қызметкері ВАЗ 21140 маркалы жеке көлігін басқарып келе жатып, жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде қаза болды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу  жүргізіліп жатыр.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: