Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскеменде 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 18 мамырда болған. Пәтері жанған тұрғын жанталаса жүгіріп, көршілерінен көмек сұраған. Олар өрт сөндірушілерге хабарласқан.
9 тұрғын баспалдақпен құтқарылды, оның 4-еуі – бала. Өртті сөндіруге жеке құрамның 35 маманы мен 10 техника жұмылдырылды. Жанған алаң аумағы – 50 шаршы метр, - деп хабарлады ведомство.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өрт сөндірушілердің айтуынша, тілсіз жау электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаннан болған. Салдарынан көрші пәтерде ыс тиген 5 және 7 жастағы 2 бала ауруханаға жатқызылды.