Бүгін Өскеменде оқушылар онлайн оқып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өскемен қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты 28 қарашада 1-11 сынып оқушылары онлайн форматқа ауыстырылады.
Мұндай шешімге екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайдың қалыптасуы себеп болып отыр, - делінген қалалық білім бөлімінің мәліметінде.