Өскеменде өзара текетіресте жүрген екі қылмыстық топтың жоспарлап отырған кездесулерінің жолы кесілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ҰҚК мәліметінше, операция барысында қала кафелерінің бірінде 20-дан аса қылмыстық топ қатысушысы ұсталды, кейбіреулері бұл жерге қаруларымен келген.
Күдіктілерден 2 «Макаров» тапаншасы, жарақаттаушы тапанша, мылтық, «тегіс ұңғылы шолақ мылтық», дауыс-жарқылды граната және 2 бірлік суық қару тәркіленді, - делінген мәліметте.
Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.