ТЖМ құтқарушылары бес автокөлікті өрттен қорғап, газ баллонының жарылысының алдын алды, деп хабарлайды Ell.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, бүгін таңертең Өскемен қаласы Астафьев көшесі бойындағы ЖК бірінің аумағында гараж боксында өрт шықты.
Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімдері 30 шаршы метр алаңдағы өртті сөндіріп, өрт аймағынан бес автокөлік пен бір газ баллонын шығарды, - делінген мәліметте.
Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі – пешті орнату және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу.