Өскеменде балкон опырылып, әйел үшінші қабаттан құлап кетті

19 Мамыр 2023, 09:44 792

Өскеменде балкон опырылып түсті. Сол жерде тұрған әйел де құлаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жарақат әйел алған адам үшінші қабаттан құлаған. Абырой болғанда, үйдің жанында медицина орталығы болып, сондағы қызметкерлер әйелге жедел жәрдем келгенге дейін көмек көрсеткен.

Тамақ істеп жатқан болуы керек. Сол аралықта киімді жаямын деп балконға шыққан. Біз қасына келгенде, үйінде қалған баласына көмек көрсетуді сұрады. Көршілер үйге есікті бұзып кірді. Пәтерге кірсек, іші көк түтін. Ал үстелдің астында бала жылап отыр екен. Алты айлық-ау деймін. Оны орап алып, жедел жәрдем келгенге дейін кеңсемізде қарап отырдық, – дейді куәгер Раушан Смайылова.

Қуанышқа орай, әйел ауыр жарақат алмаған. Енді қала тұрғындары балкондардың жағдайына алаңдаушылық білдіріп отыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: