Өскеменде аутизмі бар балаларға арналған жаңа орталық ашылды

6 Қаңтар 2023, 16:55 1949

Бұл туралы «Қазақстан халқына» қоры мәлім етті

Өскеменде Аутизм және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталық жұмысын бастайды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Орталық «Қазақстан халқына» қорының «Samruk-Kazyna Trust» КҚ және «Қамқорлық» КҚ бірлесіп іске асырып жатқан «Аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталықтарды жарақтандыру» бағдарламасы аясында іске қосылады.

Жаңа Орталық топтық және жеке жұмысқа арналған кабинеттермен, тігін, қыш және ағаш ұстасы шеберханаларымен, интерактивті және сенсорлық бөлмелермен, жаттығу залымен және робототехника кабинетімен жабдықталған. Аутизм спектрі бұзылған балалармен АВА-терапия бойынша оқудан өткен мамандар айналысады. Орталық 1,5 пен 18 жас аралығындағы 125 балаға арналған. Барлық сабақтар тегін өтеді.

Биыл тағы 7 қалада - Алматы, Шымкент, Қостанай, Тараз, Ақтөбе, Талдықорған және Павлодарда Аутизмі бар балаларға арналған орталықтар жабдықталады.

EL.KZ
Бөлісу: