Өскемен тұрғыны жылыжайда қарасора өсірген

24 Тамыз 2023, 11:41 940

Өскемендік тұрғын жылыжайда қарасора өсірген,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

21 тамызда “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында жедел уәкілдерге облыс орталығының 35 жастағы тұрғыны есірткі заттарын заңсыз өсіретіні туралы ақпарат келіп түскен.

Ақпаратты тексеру барысында дерек расталды. Саяжай аумағын тінту барысында жылыжайдың ішінен жалпы салмағы 2984,07 грамм болатын екі өсімдік бұтасы мен бір кептірілген қарасора өсімдігінің бұтасы табылып, тәркіленді. Ер адамның түсіндіруі бойынша, ол оны жеке тұтыну үшін өсірген. Күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы тағайындалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған бапта 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

 

Равиль Ашығали
Бөлісу: