Өскемен тұрғыны көзіне блефаропластикалық операция жасатамын деп қайтыс болды

21 Сәуір 2023, 17:28 1448

Өскемен қалалық прокуратурасы қайғылы оқиғаны растап отыр. Бұл туралы Altaynews сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өскеменде сұлулық салонында көзіне ота жасатқан әйел жансақтау бөліміне түсіп, көз жұмды.  

1962 жылы туған әйел адам көзіне блефаропластикалық операция жасату үшін сұлулық салонына барған.

Сұлулық салонының қызметкерінде медициналық және өзге де қызметті жүргізуге лицензиясы мен рұқсаты жоқ болса да, жоғарыда аталған процедураны жүргізеді. Біраз уақыттан кейін әйелдің жадайы күрт нашарлап, аууханаға жеткзізіледі. Ол жансақтау бөлімінде есін жинамастан қайтыс болды, - делінген ақпаратта.

Осы оқиғаға қатысты полиция қызметкерлері 16 сәуірде ҚР ҚК 322-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады (медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен осы қызмет түрiне сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ адамның айналысуы, егер бұл абайсызда адам өліміне әкелсе).

 

EL.KZ
Бөлісу: