Өскемен тұрғындары көшеден адамның бас сүйегін тауып алды

14 Шілде 2023, 12:45 1004

Өскеменде тұрғындар көшеде адамның бас сүйегі жатқанын анықтаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

13 шілде күні Теміржол көшесімен өтіп бара жатқан адамдар сүйек қалдықтарын көріп, полиция қызметкерлеріне хабарлаған.

Оқи отырыңыз:

«Адамның сүйегі табылғаны туралы факт талапқа сай тіркелді»,-деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бассүйек адамдікіне ұқсайды. Қазіргі таңда арнайы сараптама тағайындалды.

Равиль Ашығали
Бөлісу: