ОСК Дмитрий Легкийді Мәжіліс депутаты ретінде тіркеді

31 Қазан 2022, 14:05 1389

Бұл туралы ОСК баспасөз қызметі мәлімдеді

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Дмитрий Максимович Легкийді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді, деп хабарлайды El.kz  ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің мүшесі Дмитрий Максимович Легкийге берілсін.

2. Дмитрий Максимович Легкий Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.

3. Дмитрий Максимович Легкийге белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.

EL.KZ
Бөлісу: