«Өшір, барлығын өшір». Сотта Бишімбаев пен Байжановтың хат алмасуы оқылды

1 Сәуір, 12:14 1542

Астанада Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Онда қылмыс болған күнгі Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың хат алмасуы оқылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Хабарламада Бишімбаев туысынан Гастро-орталықтағы бейнебақылау камераларындағы жазбаларды өшіріп, Салтанат Нүкенованың заттарын алып кетуді сұрайды.

Оқи отырыңыз:

Жәбірленуші тараптың адвокаты бұл куәгердің айтқан жауаптарына сәйкес келетінін жеткізді.

Бишімбаев Байжановқа «Барлығын өшір. Түнгі түсірілгендердің барлығын өшір. Барлық Гастро-орталықтағы камераларды өшір. Қайтып кел. Оның телефонын табу керек. Бақытжан, жейде машинада. Жаңасын алып кел. Жоспарланған барлық салтанатты іс-шараларды тоқтат», - деп жазған.

Миражан Махан
Бөлісу: