Қоржында жалғыз ұпай (ВИДЕО)

30 Қыркүйек 2016, 04:56

«Астана» - "Young Boys"

Елордалық  "Астана" Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі екінші матчын өз алаңында швейцариялық "Young Boys" (Янг Бойз) клубына қарсы өткізді.

 

Астана Аренаға жиналған жанкүйерлер жергілікті клубтан тек жеңіс күтті. Ойыншылар да үш ұпайды еншілеу керектігін түсініп алғашқы минуттардан-ақ шабуылға шықты. Өйткені  елордалық  клуб топтық кезеңнен шығу үшін кемінде екінші орынға тұрақтау қажет. Алайда "Young Boys" матч алдында берген сұхбатында «біз тең ойнау үшін келген жоқпыз» дегенді естеріне түсіріп қарсы шабуылға шыға бастады. Қарсыластар сапынан Юя Кубо және Михаэль Фрай гол салатын жақсы мүмкіндікті жіберіп алса, астаналықтардан Джеордже Деспотович қайшылап тепкен доп қақпа бағанасына тиді. Сонымен Астанадағы матч 0:0 есебімен тең аяқталды. Қазір "Астана" Е тобында бір ұпаймен үшінші орында тұр.

  

Осыған дейін "Астана" Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы матчта Кипрде жергілікті АПОЭЛ командасымен ойнап, 1:2 есебімен жеңіліс тапқан болатын.

Астаналық клуб Еуропа лигасындағы үшінші матчын 20 қазанда Грекияда "Олимпиакос" командасына қарсы өткізеді.

 

«Астана» (Астана, Казахстан) — «Янг Бойз» (Берн, Швейцария) 0:0

Ескерту: Нуху 34, Саттер 73

«Астана»: Эрич, Аничич, Максимович, Мужиков (Нургалиев 84), Деспотович (Нусербаев 74), Шитов, Бейсебеков, Малый, Кабананга (Тагыберген 84), Шомко, Каньяс

«Янг Бойз»: Мвого, фон Берген, Бертоне, Сулеймани (Шик 81), Лецякс, Раве, Фрай (Дуа 81), Саттер, Нуху, Закария, Кубо (Эбишер 90+1)

Бас төреші: Саймон Эванс (Уэльс)

Голдар: 0 — 0

Соққылар: 10 — 8

Қақпаға бағытталған соққылар: 3 — 2

Бұрыштама: 3 — 6

Офсайд: 10 — 0

Сары қағаз: 0 — 2

Ереже бұзу: 9 — 16.


Алмас САУДАМБАЙ 

 

Бөлісу: