Орталық мемлекеттік органдар арасында республикалық спартакиада басталды

21 Қыркүйек, 04:30 632

Астанадағы Qazaqstan спорт кешенінде дәстүрге айналған орталық мемлекеттік органдар арасындағы республикалық спартакиаданың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Бәсекеге құрамында 1000-ға жуық мемлекеттік қызметшісі бар 27 команда сынға түседі. Олар футзал, волейбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, шахмат, қол күресі сынды спорт түрлерінен өзара күш сынасады.

Айта кетейік, Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен аталмыш спартакиада үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Биылғы доданың басты ерекшелігі – спорттық сайыс түрлеріне шахмат пен қол күресі енгізілді.

Жарыс 22 қыркүйек күні мәресіне жетеді.

Зарина Арман
Бөлісу: