Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Мәскеуге жасаған жұмыс сапарында көршілес мемлекеттің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі министрі Ирек Файзуллинмен, РФ Көлік министрі Виталий Савельевпен және Ресей Федерациясының Энергетика министрі Николай Шульгиновпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жұмыс сапары барысында Марат Кәрімжанұлы сондай-ақ РФ Үкімет төрағасының орынбасары – РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен де кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.
Ресей Федерациясының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі министрі И.Файзуллинмен кездесуде сәулет, қала құрылысы және тұтастай құрылыс саласын дамыту, сондай-ақ құрылысты цифрландыру, ипотекалық несиелеу және мемлекеттік сараптама саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.