Орталық референдум комиссиясы нәтижені жариялады

7 Маусым 2022, 13:23 1711

Фото: 24.kz

Орталық референдум комиссиясы 5 маусымда өткен Қазақстан Конституциясына өзгертулер мен толықтыруларға қатысты референдум қорытындысын жария етті. Соңғы нәтижені  Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров оқып берді, деп хабарлайды El.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 11 734 642 адамды құрады. 5 маусымдағы референдумға дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 985 769 немесе референдумға қатысушы азаматтар санының 68,05 пайызын құрады. Осылайша референдум өтті деп есептеуге болады, - деді Нұрлан Әбдіров.

Ол атағандай, республкалық референдумға шығарылған Конституциға өзгертулер республикалық маңызы бар қалалар мен елорданың жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. 

Ел өңірлерінде дауыс беруге қатысқан азматтардың 77,6 пайызы немесе 6 млн 516 мың адам Конституциялық түзетулерді жақтап дауыс берді. Бұл өңірлердегі абсолютті көпшілікті құрайды. Конституцияға қарсы дауыс берген адам саны 18,66 пайызды құрады. Осылайша, референдум туралы заң бойынша елдің негізгі заңына өзгерістер енгізілді деп есептеледі. Оны актілермен қосымша растау талап етілмеді. Ол ресми хабар жарияланған күні күшіне енеді, - деді ол.


Бөлісу: