16 Тамыз 2016, 06:28
Ұлттық сананың қалыптасуы және оның адамзат өркениетінің талабы деңгейіне сай жетілуі – сол ұлттың өзге ұлттар арасында жоғалып кетпей, өзіндік болмысымен, өз бағыт-бағдарымен болашақ асуларынан сеніммен асуына кепілдік берер негізгі фактор. Ал ұлттық сананың қалыптасуы, ең алдымен, тарихи сананың қалыптасуына тәуелді. Сондықтан 260 жыл бодандық бұғауында булығып, тарихи жадынан жаңылған, ұлттық дәстүрінен айырылуға айналған қазақ елінің бүгінгі ұрпақтарының тарихи санасын қалыптастырып, ұлттық санасының оянуына жағдай жасау – Тәуелсіздіктің басты талабы.
Қазақ халқының тарихы да әлемнің басқа халықтарының тарихы сияқты өзінің
бастауын сонау есте жоқ ескі замандар қойнауынан бастайды. Бірақ, өкінішке қарай,
сол бастаудан тартып, бүгінге ұласқан ұлы тарихтың бағзысын баян етер жазба де-
рек жоқтың қасы. Аттың жалы, атанның қомында жүріп жазылғандардың бәрі үдере
тартқан ұрпақтар көшінің шаңына көміліп жоқ болған. Сол себепті де зерттеуші-
лердің қай-қайсысы да өткеннің ақиқатын алға тарту үшін сол көне замандарда
қазақ халқының ата-бабаларының түрлі жолдарымен қарым-қатынас жасаған, жазу-
сызуы ерте дамыған алыс-жақын отырықшы көрші елдердің өкілдері жазып қал-
дырған деректерінің мағлұматын таным талшығы етуге мәжбүр. Алайда, ең
өкініштісі, бұл деректердің бәрі бірдей ақиқатқа қызмет етпейді, сол деректі қалды-
рушының өзінің таным-түсінігіне, елінің мүддесіне қарай құбылып, ақты қараға,
қараны аққа айналдырып көрсететін кездері жиі кездеседі.
Тарихи таным-түсініктің дұрыс болуы – сол таным-түсінікті дұрыс қалыптас-
тыратын тарихтың шындық негізінде жазылуына тікелей байланысты. Әйтпе-
се, ежелгі қытайдың Сы-ма Чиән мен Бан Гуден кейінгі атақты тарихшысы Фан
Хуа айтқандай: «алғашқы қадамның дұрыс басылмауы – кейінгі мың қадамның
қате болуына» (Сиуңну. Хән кітабынан. – А., 1998. – 145-б.) ұрындырмақ. Сондық-
тан тәуелсіз Қазақстан жұртшылығының тарихи санасын қалыптастыратын
тарихи шығарманы жазуға пайдаланылар сырт елдердің жазбаларындағы қазақ
халқының тарихына қатысты деректердің бәрі де ғылыми зерде сүзгісінен
өткізіліп, шындық дәні жаңсақтық қауызынан аршылып алынуы міндет. Онсыз
шындық пердесі ашылмай, сол баяғы бүркемелі күйінде қала бермек.
Мәселеге осы тұрғыдан келгенде, жасыратыны жоқ, кешегі кеңестік заман-
да КСРО құрамындағы бұратана аталған халықтардың көне тарихын түбегейлi
зерттеп, олардың әрқайсысының шыққан тегін ғылыми тұрғыдан анықтап,
кімнің кім екенін танып-білу мәселесі – сол халықтардың арасынан шыққан
зерттеушілер үшін олай қарай аттап аяқ басуға болмайтын құпия қорықтарға
айналып келгені белгілі. Бұл қорықтардың қызығы мен шыжығын ол кезде аз да
болса, өз мүмкіндіктеріне қарай, орыстың шығыстанушылары ғана көре алды.
Бірақ, олар да оның қалың қойнауына бойлай еніп, не бар, не жоғын түгел
танып-біле алған жоқ. Оларға, бір жағынан, саяси шектеулер кедергі жасаса,
екінші жағынан, олардың өздері тәрбиеленіп өскен ортасы болмысының көшпе-
лілер болмысымен үйлеспейтін өзгешелігі мүмкiндiк бермедi, былайша айтқан-
да, отырықшы елдің өкілдері көшпелі өмір салты қалыптастырған табиғи заң-
дылықтардың өзіндік ерекшеліктерін бар болмысымен сезініп, тұшына алма-
ды. Сол себептi олар көшпелілер жайындағы қолдарына түскен азды-көпті де-
ректі өздерінің кітаби таным-түсініктері негізінде ғана қабылдап, соған сай ло-
гикалық қисынға жүгінген топшылаулар жасаумен шектелді. (Бұл басқа шетелдік
ғалымдарға да тән). Олары және барлық кезде бірдей көшпелілер өмірі шынды-
ғымен қабыса бермейтін. Соның салдарынан көшпелілер тарихы бергі көз көрім
жерден ғана қайырылып, одан арғысының бәрі аңызға телінді де, көненің өзі
болмағанмен, көзіндей болып бүгінге жеткен аңыз-әңгіме деректерінің шын-
дығы мен жалғаны ажыратылып, ақиқаты ашылмады. Бұған керісінше, оты-
рықшы елдердің кез келгенінен қалған көне жазбаларда көшпелі халықтардың
бірі жөнінде кездейсоқ бір дерек кездесе қалса, соны жалаулатып, тарихи нақты
факт ретінде қабылдау – заңды құбылысқа айналды. Егер онда әлдеқалай уақыт
мерзімі көрсетілген болса, сол жыл міндетті түрде әлгі халықтың ғұмырнамасы-
ның бастауы етіп көрсетілді.
Бұлай ету, әділдігіне жүгінсек, әрине, бірден солай қалыптаса қалған жоқ.
Әуелі бұл мерзім шартты түрде алынды. Содан кейін ол уақыт өте келе елеусіз
күйде бірте-бірте нақтылыққа айналып, тұтас бір халықтың пайда болған жылы
есебінде көрсетіліп кете барды.
Мұндайда ешқандай дәлелдеуді керек етпейтін ақиқат – қандай халықтың
болсын бір жылда пайда болуы мүмкін еместігі де жайына қалады. Мысалы,
түрктердiң шыққан тегi1 жайында сөз болғанда, оларды ресми тарих ғылымы-
ның күні бүгінге дейін жаңаша жыл санаудан кейiнгi 535 жылы пайда болған
халық деп көрсетіп келе жатқаны2, мiне, осы айтылғанның айқын айғағы. Ең
ғажабы, қазір мұны кезінде далалықтардың сана бесiгiне бөлеп, шып-шырға-
сын шығармай, ұрпақтан-ұрпаққа аялап жеткiзген ауызша дереккөздерiне
қажеттi мән берiлмегендіктен, соның салдарынан ғылыми тұрғыдан жан-жақ-
ты талданып зерттелiнбей қағажу қалғандықтан, оларға тек жалаң аңыз, жай-
дақ қиял деп қараушылықтан туған жаңсақ түсiнiк еді деп біреуге айтып және
сендіре алмайсыз.
Осындай кереғарлықтарына қарамастан, жұрт санасын жазба дерекпен жа-
дылаған кітаби таным-түсініктегі сырт ел зерттеушiлері көшпелi халықтардың
төл тарихының шынайы білгірлері саналып, олардың айтқан пікірлері күдікте-
нуге болмайтын, өзгертуге жатпайтын тарих ақиқаты деп есептелініп келді.
1 Бұл арада әңгіме ортағасырлық түрiктер, яғни Алтай түрiктерi туралы ғана болып отыр
2 Бұл жылдың өзі әр деректе әр түрлі беріледі. Мыс. «Қазақстан тарихы» 542 жыл, ал
Л.Н. Гумилев 545 жыл деп көрсетеді. Біз осы соңғы 545 жылды дұрыс деп білеміз.
Соған сай бұрынғы КСРО құрамына енген бұратана халықтардың төл тарихы
солардың қолымен, болмаса, солардың жасаған пайымдаулары мен тұжырым-
дамаларының негізінде жазылды.
Ал өткенді ой көзімен шолғанда, танауына көшпелілердің қара қосының
түтiнсiңдi туырлығының иiсi келіп, кейбір нәрселерді анықтауда түйсікпен (ин-
туитивті) сезіне алатын, сол халықтармен болмысы бір, солардың арасынан
шыққан қабілетті бір перзенті зәуқайыр көне тарихқа қалам тартар болса, ол
әлгі шығыстанушылардың қалыптастырған қағидасына қаяу түсірмей, өз ойын
міндетті түрде солардың пайымдауымен үйлестіріп, бұл жөнінде «Бартольд
былай деген», «Левшин олай деген», «Гумилев сүйткен», «Аристов бүйткен» деп
түйіндеп отыруға, сонысымен солардың айтқанының бәрін ақиқатқа айналды-
руға көмектесіп, соны санаға сіңіруге мәжбүр болды. Сол себепті олар өзі таны-
ған шындықты айта алмады, айтқызбады.
Ұрпақтың тарихи танымын қалыптастырар, тарихи шындықты алдыға жаяр
бірден-бір академиялық еңбек, мысалы, қазақ халқы үшін «Қазақ ССР тарихы-
ның» көп томдығы десек, ол да тап осындай талаптың тар шеңберінде жазыл-
ды. Ең өкініштісі, ел егемендігін алып, төл тарихын көшпелі өмір шындығы
тұрғысынан тәуелсіздік қолымен қайта жазуға мүмкіндік туған қазіргі кезде де
қазақ халқының көне тарихын жазушылар сол баяғы қалыптасқан көне қағида-
лар құрсауынан шыға алмай, ескі таптаурын жолмен тартып келеді. Жаңадан
жазылған «Қазақстан тарихы» көп томдығының жарық көрген алғашқы кітабы
осының нақты дәлелі. «Ауру қалса да әдет қалмайды» деген осы да. Халқының
қамын, ұрпағының ертеңін ойлаған өзге ел өздерінің тарихын былай қойғанда,
басқа елдің тарихының өзін тек өз тілдерінде, өз елінің мүддесі тұрғысынан жаз-
дырып, жастарына тек соны ғана оқытатынын біле тұрып, біз, ең болмаса, қазақ
тарихының қазақ тілінде жазылуын қамтамасыз ете алмай, оны орыс тілінде
жаздырып, біреуге ақы төлеп қазақшаға аудартқанға мәз болып отырмыз. Ұят-
ақ тірлік!
Ерте ес жиған ұлтжанды ардақ азаматтарымыз жиырмасыншы ғасырдың ба-
сында-ақ «Оян, қазақ!» деп ұран тастап, «Арғы атам Ер Түрік, біз – Қазақ бала-
сы» деп ұлт ұланына бағыт-бағдар сілтесе де, біздің әлі күнге, арада ғасырға
жуық уақыт өткеніне қарамастан, еркін оянып, Түрікті тектеп, Қазақты қара
шаңырақтың құт-иесі ретінде ұрпаққа таныта алмай отырғанымыз да осындай
тірліктен болса керек.
Мұның бәрі, түптеп келгенде, әлі күнге төл тарихты танып-білудің қанша-
лықты қажеттігін толық сезіне алмай, соның салдарынан көненiң көзiндей бо-
лып бүгiнге жеткен аса құнды деректердi түпнұсқадан өзіміз оқып, өзіміз жете
танып-білмей, оларды уақыт жапсырған түрлі қоспалардан тазартып, қалған
шындық дәнiн жалғандық қауызынан аршып, тарихи факт ретiнде, ғылыми
негiзде білімділікпен сөйлетуге мән бермей отырғанымызды көрсетеді.
Тарихты жазудан бұрын, алдымен, соған қажетті материалды дайындап алу-
дың керектігі – ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Жеткілікті құры-
лыс материалдарын дайындап алмай тұрып, ешкімнің үй салуға кіріспейтіні
сияқты, жан-жақты зерттеліп, тарихи ақиқаты анықталған материалсыз тарих
жазуға болмайды. Тарихшыларының бар білімі жетпіс жыл бойы компартия-
ның тарихын, оның Қазақстанды советтік елге айналдырудағы «кемеңгерлік»
рөлін көрсетуге бағытталып, халықтың өз тарихын жазуға тыйым салынған елде
ондай материал дайындауға бұрын ешқандай мүмкіндіктің болмағаны тағы
белгілі. Ел тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстанда Ұлттық ғылым академиясы,
оның жеке Тарих институты бола тұрып, өткен уақыттар ішінде қазақ халқы-
ның көне тарихына қатысты бірде-бір докторлық, не кандидаттық диссертация-
ның қорғалмауы да осы айтылғанның бұлтартпас дәлелі болса керек. Демек,
қажетті материалды дайындап алмай тұрып, қазіргі таңда тарих жазушылық,
қанша жерден жақсы ниеттен туғанымен, бәрібір, жаңа өріске шыға алмай, ар-
қандалған аттай айналсоқтап, байырғы ескі шиырды шиырлай беру болмақ.
Бұл орайда орыс шығыстанушыларының тұжырымдарын бұрынғыдай алға
ұстап, ту етіп көтеру де алысқа апармайды. Олардың да қазақ халқын өздері
қолымен туғызып, бүкіл қалыптасу кезеңдерінің басы-қасында жүріп, бастан
өткерген түрлі тарихи-әлеуметтік жағдайларының бәрінің куәгері болған жан-
дар емес екені белгілі. Олардың да ерекше жаратылған ешқандай әулиелігі жоқ,
өз пайымдауларын белгілі бір дереккөзіне сүйініп жасаған, кәдімгі ет пен сүйек-
тен жаралған ғылым адамдары екенін ұғынар уақыт жетті.
Сондықтан да қазіргі таңда деректану, мұратану жұмысына ерекше мән беріп,
қазақ халқының көне тарихына қатысты бүгінге жеткен дереккөздерін алдымен
өзіміз жан-жақты зерттеп, сол арқылы түйген пайымдауларымызды өзге
жұрттың ғалымдарының осы орайдағы тұжырымдарымен салыстырып, тари-
хи ақиқатын анықтауымыз қажет, яғни дұрысын дұрыс, бұрысын бұрыс деу
парыз.
Бұл ретте орыстың көнеден жеткен бір мұрасы, қалыңдығы пышақтың
қырындай ғана «Игорь жасағы туралы жырды» зерттеп танудағы жұмысты
үзіліссіз жалғастырып, 500-ден астам адамның түрлі дәрежедегі ғылыми атақты
иеленуі бізге үлгі болса керек-ті. Көне замандардан жеткен әр дерек төңірегінде
осы тәрізді сан қырлы, жан-жақты зерттеулер жүргізе алсақ, біз де осы күнге
дейін санамызда «дәлелдеуді керек етпейтін тарихи шындық» ретінде қалыптас-
қан қағидалардың кейбірі қаншалықты жаңсақ екеніне көз жеткізе аламыз.
Айталық, мысалы, ресми тарих ғылымы, жоғарыда айтқанымыздай, бізге
түрктерді VI ғасырда Алтайда пайда болған жаңа, жас халық деп түсіндіріп келді.
Осыған орай түрктердің шыққан тегі де осы алтайлық түріктерге телінді. Шық-
қан тегімізді танудағы біздің бүгінге дейінгі таным-түсінігіміз де осы тұжырым-
дар негізінде қалыптасқан. Сондықтан оған күдіктенбейміз.
Ал осы шындығында солай ма? Еуразияның апайтөс алып даласына кеңінен
жайылған түрік тектес халықтардың бәрі осы түрктерден, яғни алтайлық
түрктерден тараған, солардың өсіп-өнген ұрпақтары ма? Енді осы төңіректе ой
толғап көрелік.
Осыған орай бар деректерді нақты талдауға кіріспес бұрын әрі айтылар ойдың
жалпыға бірдей түсінікті болуы үшін, алдымен, көшпелі тіршілік болмысының
қалыптасқан өз заңдылықтары негізінде көшкінші халықтардың өмірінде кезең-
кезеңімен тұрақты қайталанып тұратын ортақ жағдайларға назар аударған жөн.
Бұл ретте, ең алдымен, көшкінші халықтар тарихының ұлы желісінің бірігулер
мен ыдыраулардан тұратындығына көңіл бөлу қажет. Өйткені, Ұлы Даланы
мекендеген көшкінші халықтардың әр кезеңдегі тарихи-әлеуметтік үрдістерге
орай бірде бірігіп, ірі бірлестіктер құрап, далалық империяға (қағанатқа) айна-
латыны; бірде іштей ыдырап, жеке-жеке иеліктерге (шағын хандықтарға)
бөлініп кететіні – көшкіншілер тарихында ежелден бар және қайталанып тұра-
тын құбылыс екенін зерттеуші жете түсініп, соның заңдылықтарын ұғынуы
шарт. Онсыз көшкіншілердің төл болмысын танып-білу де, олардың ежелгі та-
рихының ақиқатын ажырату да мүмкін емес.
Бұған дейін де айтқанбыз, тағы бір мәрте еске салудың артығы жоқ. Бірігулер
тұсында бұған дейін өзіндік әр түрлі атаумен аталып келген халықтар енді сол
бұрынғы төл атауларын тастап, өздері құрамына кірген, жаңадан ұжымдасқан
бірлестігінің (қағанатының) атымен аталып, бәрі бір халық болып кете барады.
Мұндайда олардың халықтық атауы жаңа бірлестіктің құрылуына ұйытқы бол-
ған жетекші тайпаның (халықтың) атымен, болмаса бір кездері солардың өздері
құрамына кірген, бірақ кейін іштей ыдыраудың әлегінен құлап, аты тарих сах-
насынан шығып қалған мемлекеттің бұрынғы әйгілі атауын қайта тірілтіп, соның
атымен аталатыны да тарихта бар үрдіс.
Ыдырау кезінде мұның бәрі керісінше болады. Ірі бірлестіктен (қағанаттан)
бөлініп шыққан әр халық (тайпа) өзінің осы бірлестікке кіргенге дейінгі атауын
қайта жаңғыртып иеленіп жатады. Кейде, тіпті, осы бөлінуге басшы болған адам-
ның (ру-тайпа көсемінің) атымен де аталып кететіні болады. Көшкіншілер та-
рихында жеке адамның есімінің халықтық, кейін елдік (мемлекеттік) атауға
айналып кете баратынының да мәні осында.
Міне, осындай заңдылықтардың әңгімеге өзек болғалы отырған түрк атауы-
на да ортақ екені зерде мойындар шындық. Өткен тарихқа ой көзімен қарасақ,
түрк халықтарының түп атасы болып есептелінетін Түрік есімінің қалайша жал-
қылықтан жалпылыққа көшіп, халықтық, елдік атауларға айналуының, сон-
дай-ақ оның тарих сахнасынан бірде пайда болып, бірде ғайып болып, көрінбей
кетуінің сыры да осындай заңдылықтан екенін түсіне аламыз. Сонда даланың
ауызша тарихы – шежірелер мен аңыз-әңгімелерде көрсетілгендей, бүгінгі түрк
тектес халықтардың бір кісінің кіндігінен емес, бір кезде «Түрік» деп аталған
іргелі елдің құрамына кірген түрлі халықтардың (тайпалардың) өсіп-өнген
ұрпақтары екенін де, оның халықтық атау ретінде араға белгілі бір кезеңдер са-
лып барып, қайталанып отыратынын да пайымдау онша қиындыққа түспейді.
Осы арада оқушының ХVI ғасырда өмір сүрген Хиуа ханы Әбілғазы Баһадүрдің
«Түрк шежіресінде» көрсетілген, мұрагерлік жолмен әкесінің (Иафеттің) ор-
нына патша болғанда Түрікке бағынған Хазар, Сақлаб, Рус, Миң, Чиң, Кейма-
ри секілді бауырларының есімдерінің де жеке-жеке елдің атаулары екеніне ерек-
ше назар аударғанын қалар едік (Абульгази Бахадур-хан. Родословное древо тюр-
ков.– М., –Т., –Б. 1996. – Стр.16).
Бұдан ауызша деректің кейде алысты жақындатып, болмаса жақынды алыс-
татып жіберетін дағдысымен, көне заман (Сақлаб (Қыпшақ), Кеймари (Пар-
сы) мен кейінгі кездердің (Хазар, Рус, Миң, Чиң) ел атауларының араласып
жүргеніне қарамастан, Түрк атауының аталмыш кезде бірнеше елдің басын
біріктірген, далалық империяға айналған іргелі мемлекеттің аты болғандығы
анық аңғарылады. Өйткені, ауызша деректе, қалайда, шындықтың нақты өзі
болмағанмен, соның жаңғырығы жататыны ақиқат, өмірде болмағанды болды
деу – оған жат.
Мәселеге осы тұрғыдан келгенде, қолда бар деректер бізге түрктің елдік атауы
ретінде тарих сахнасына үш рет шыққанын көрсетеді. Оның, шартты түрде ал-
ғанда, біріншісі – көне заман авторларының (парсы тарихшысы Хондемирдің
«Моңғол тарихы», түрк тарихшысы Әбілғазының «Түрк шежіресі») Түрікті
кісінің аты етіп көрсететін кезеңі. Бұлардың дерегінде Түрікті қазіргі жан
иелерінің түпкі тегін топан судан сақтап қалған Нұх (Ной) пайғамбардың неме-
ресі етіп көрсетуіне қарап, бұл кезеңді қалайда сол дүниежүзілік апаттан кейінгі
дәуір деп топшылауға болатын секілді. Бірақ бұдан Түрік есімінің қандай тари-
хи процестердің негізінде елдік атауға айналғаны жөнінде ой түю, әрине, қиын.
Бірақ бізге беймәлім көне замандарда әйтеуір «түрк» деген елдің болғанын, оның
небір оқиғаларды бастан кешіріп барып (Түріктің алтыншы ұрпағы – Аланша
ханның балаларына дейін мұрагерлік жолмен үзбей ел билеп келгенін еске алы-
ңыз), кейін іштей ыдырап, бірнеше хандыққа бөлініп кеткенін, соның салда-
рынан түрк атауы тарих сахнасынан біржола кетіп, оның орнын әлгі бөлініп
шыққан хандықтардың жекелеген атаулары басқанын ойша шамалауға мүмкін-
дік бар. Мұның және негізсіз емес екеніне сол бөлініп шыққандардың ішінен
кейінгі Моңғол хандығы мен Татар хандығын тарихшылардың Түрк мемле-
кетінің тікелей мұрагері етіп көрсетулері де, сондай-ақ түрік тарихындағы моң-
ғол-татар атаулары мен қытай тарихындағы сиуңну-дунху атауларын салысты-
ра зерттеген ғалымдардың моңғолды «сиуңну», татарды «дунху» деп дәлелдейтін
ғылыми пайымдаулары да куәлік бергендей (Бичурин Н.Я. Собрание сведений о на-
родах, обитавших в Средней Азии в древние времена. – М.-Л., 1950. – Стр. 375-376).
Сондықтан да біз мұны, шартты түрде, Түріктің елдік атау ретінде тарих сахна-
сынан алғаш көрінуі деп білеміз.
Түрк атауының тарих сахнасына екiншi шығуы – қазiргi ресми тарих көрсе-
тіп жүргендей, нақты мерзімін көрсете айтсақ, жаңаша жыл санауымыздың
VI ғасырының алғашқы жартысы, яғни 545 жыл. Бұл жолы Түрк атауын тарих
сахнасына алып шыққандар – сиуңну мемлекетінің құрамында жүрген қып-
шақтардың бір тайпасы еді. Бұл тайпаның төл аты бізге белгісіз. Қытай жазба-
ларында оларды «Ашына» тайпасы, ал Тоңүкөк ескерткішіндегі тас жазуда «Сыр
халқы» деп атайды (Бұған кейін арнайы тоқталамыз). Осылар кейін түрк аты-
мен тарихқа еніп, 552 жылы атақты Түрік қағанатын құрады. Бұл – түрктің елдік
атау ретінде тарих сахнасынан екінші көрінуі.
Түрік қағанаты да өзінен бұрын өмір сүрген далалық империялардың жолын
құшып, әуелі екіге бөлінеді, содан кейін араға екі жарым ғасырдай уақыт салып
барып, қағанат ретінде өмір сүруін тоқтатады. Қағанаттың құлауымен бірге түрк
атауы да тарихтан ғайып болады. Оның орнын дербестікке жеткен жеке хан-
дықтардың атаулары басады. Басыми, Қарлық, Ұйғыр, Түргеш және т.б.
Осылайша елдік атау ретінде тарих сахнасынан VIII ғасырдың ортасына та-
ман шығып қалған түрк атауын араға бірнеше ғасыр салып барып, кейін қып-
шақтардың ығыстыруымен Кіші Азияға барған түрк тілдес өзге бір халық – оғыз-
дар қайта тірілтеді. Бұл түрк атауының тарих сахнасына үшінші шығуы еді.
Мұндағы бір назар аударар жағдай, алғаш Түрк хандығы (шартты түрде
545 ж.) тарихқа танылған кезде хандықты құрғандардың ішінде оғыздар жоқ.
Онда олар чылы (телы, теле) халықтарының құрамында, өздерінше жеке ел.
Түрктер оларды кейін бағындырып, өз құрамына қосып алады. Бұл жөнінде
«Жыу кітабы» («Жыушу»): «Да-тун билігінің он екінші жылы (546 ж.) Тумын
тарту-таралғымен (Батыс Вей патшалығына) өз елшісін жібереді. Осы кезде
чылылар (телелер) жыужәндарға қарсы жаза жорығына аттанады. Тумын өзіне
қарасты тайпаларды бастап, оларға орта жолда бүйірден тиісіп, жеңіске жетеді.
(Сөйтіп) олардың 50 000 түтіндік бүкіл елін бағындырады» деген дерек береді
(Түріктер. Жыужандар. – Алматы, 1999. – 36-б.). Бұл да көшкіншілердің елдік ата-
уының шығу төркінін іздестіргенде есте ұстар ерекшеліктің бірі болуға тиіс.
Қалай болғанда да, бұған дейін тарих сахнасынан екі рет шығып қалып,
үшінші рет қайта жаңғырыққан бұл атау бізге осы қазіргі Түрік мемлекетінің
(Түркияның) атымен белгілі.
Міне, осы айтылғандарды түйіндей қорытындыласақ, бүгінгі тілдік, тектік
ортақтастығы бар сан алуан халықтардың бәрін тұтастырып, бір киелі шаңырақ
астына топтайтын түрк атауының VI ғасырда ғана пайда болмағанын, көшпе-
лілер өмірінде ежелден бар өте көне атау екенін және оның осы халықтардың
шығу тегінің бастауы – Ұлы Далада ерте-ерте замандарда мекендеген түрлі-түрлі
тайпалардың басын қосқан байырғы далалық ірі мемлекеттің атынан шыққа-
нын, ал сол мемлекетті құраған халықтардың кейінгі өсіп-өнген үрім-бұтақта-
рының тарих тегершігінің айналымында кезекті бір болған бөлшектенуден қай-
тадан тұтастыққа көшіп, бас біріктіріп дәуірлеуге бет алғанда сол баяғы ата-
бабаларының атақ-даңқын қайта жаңғыртып, бұрынғы айбарлы атқа ауық-ауық
ие болып отыратынын пайымдаймыз.
Осы арқылы 552 жылы бөрі басты байрағын көтеріп, әйгілі Түрік қағанаты-
ның негізін қалаушылардың өздерін неліктен «түрік» деп атағанының сырын да
және олардың, еуроцентристік бағыттағы ғалымдардың көрсеткеніндей,
түрктердің арғы ата-тегі емес, соның кезінде бөлініп қалып, өзінше жаңадан
бүр жарып өскен бір бұтағы ғана екенін де түсінуге мүмкіндік аламыз. Мұның
және дұрыстығына алтайлық түріктердің шыққан тегіне қатысты көне жазба-
ларда берілген бар деректерді талдау арқылы одан әрі көз жеткізе түсеміз.
Бұл ретте ғалымдардың тілге тиек етіп жүргендері – негізінен Орталық мем-
лекет (Қытай) билеушiлерiнiң тарихы жазылған әулеттiк шежiрелерiнде (жыл-
намалары, тарихнамалары деп те атайды) берілген деректер. Олардың жалпы
саны төртеу: екеуi «Сүй кiтабында», екеуi «Жыу кiтабында». Өзінше салыстыра
ой түюіне мүмкіндік туғызу үшін осы төрт деректі де түгелдей оқушы назарына
ұсынуды жөн көрдік.
«Сүй кiтабы» («Сүйшу»). 84-буманың 49-баяны:
Бiрiншi дерек: «Түрктердiң1 арғы атасы Пин-лиаңда аралас-құралас
(көшiп-қонып жүрген) хулардан2 едi. Оны «Ашына»3 деп атаған. Кейiн Вей
патшалығының Тай-ву (424-451 жж.) патшасы Жүйчүйдi талқандаған соң,
Ашына 500 үйлi жанды ертiп, жыужәндарға4 қашып барып, Алтын тауды
мекендедi де, сонда темiр өндiрумен айналысты» (Түріктер. Жыужандар. – А.,
1999. – 30-б.).
Екiншi дерек: «Түрік Үйінің (мемлекетінің) ата-бабасы батыс теңіздің
(Сихәйдің) батыс жағында, өз алдына жеке аймақ құрады. Бұл «Ашина» деп
аталатын Хунну Үйінің бөлек бір бұтағы болатын. (Кейiн оны) көршiлес
мемлекетi талқандайды. Адамдарын кәрi-жасына, еркек-әйелiне қарамай, бәрiн
түгел өлтiредi. Бiрақ бiр баланы өлтiруге қимай, оның аяқ-қолын кесiп, үлкен
саз (суы шығып жататын шөптесiндi) жерге тастайды. Бiр қаншық қасқыр оның
жатқан жерiне ет тiстеп әкеп берiп жүредi. Бала осы еттi жеп, өлмей аман қала-
ды. Кейiн ол осы қасқырмен жақындасып, оны буаз қылады. Көршi мемлекет
осы баланың тiрi екенiн бiлiп, оны өлтiруге тағы адам жiбередi. (Ол келгенде)
қасқыр баланың қасында едi. Жiберген адам баланы өлтiрiп, ендi қасқырды
өлтiремiн дегенде, қасқыр құдайдың құдіретiмен қашып құтылып, теңiздiң
шығысына барып, тауға шығып, сонда тоқтайды. Ол тау Гаушанның (Гаочан-
ның) терiстiгiнде едi. Қасқыр сонда бiр үңгiрге кiрiп, онда көлемi 200 лидей шөбi
жайқалған жазық жерге кезiгедi. Осыдан кейiн қасқыр он ұл туады. Осы он ұлдың
бiреуiнiң аты – Ашына (Ашина). Ол өте ақылды болғандықтан, оны ел ағасы
етедi. (Ол) өзiнiң тегiн ұмытпайтындығын елге жария ету үшiн қақпасына қас-
қыр басты туын iлiп қояды.
Асиән-шы деген адам тайпасын бастап таудағы үңгiрден шығып, жыужән-
дарға бодан болады. Ұлы иехуға5 келгенде (олардың) тұқымы бiрте-бірте
күшейедi. Кейiн Вей патшалығының соңғы кезiнде Или қаған (Ел қағаны)
1 Түрктерді қытай жазбаларында «тужиө» деп атайды. Бұрын бұл этноним әр шығармада
«тугю», «тукюе», «туцюй», «туцзюй» деп әр түрлі оқылып келдi
2 Көне қытайлықтар өздерiнiң батыс жақтағы көршiлерiнiң бәрiн «ху» деп атаған. Оның
әуелгi мағынасы «жатжұрттықтар» дегендi бiлдiрген секiлдi, бiрақ кейiн келе «жабайылар»
деген мағынаға ауысқан. Көне жазбаларда көп жағдайда «ху» атауы «сиуңну» атауының
баламасы ретiнде айтылады. Бұл жерде де «сиуңну» деген мағынада
3 Бұрын орыс шығыстанушыларының аудармалары бойынша бұл атауды бiлдiретiн
иероглиф «Ашина» деп оқылып келген болатын. Дұрысында бұл иероглифтiң дыбысталуы
«Ашына». Орыс шығыстанушыларының «ашынаны» «ашина» деп оқулары орыс әлiпбиiнiң
түрктің «ы » дыбысын дәл бере алмауынан
4Түпнұсқада «жыу-жу» деп берiлген. Бiрақ бұл халықтың тарихқа танылған ортақ атауы
«Жыужән» болғандықтан, оқушыға түсiнiктi болуы үшiн осы атауды алдық. Кей
дереккөзінде бұл атау «жуан-жуан» деп те аталады.
5 Лауазым аты, бұрынғы оқылуда «шеху»
әскерлерiмен телыға1 жорық жасап, олардың тас-талқанын шығарып, елу мың-
дай үйiн өзiне қаратып алады да, одан кейiн жыужәннiң билеушiсiнiң қызын
өзіне әйелдiкке беруiн сұрап елшi жiбереді. Жыужәннiң билеушiсi Анагүй бұған
қатты ашуланып, арнайы елшiсiн жiберiп, оны (Или қағанды) жер-жебiрiне
жетiп сөгедi. Или қаған оның елшiсiнiң басын кесiп, әскерiн бастап барып,
жыужәнға тосыннан шабуыл жасап, оны талқандайды» (Бичурин Н.Я. Собрание
сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена . –Т. 1. –М.-Л., 1950. –
Стр.220).
«Жыу кiтабы» («Жыушу») 50-буманың 42-баяны:
Үшiншi дерек: «Түрк (тужиө) деген сиуңнудың бiр тұқымы. Оның аты –
Ашына. Олар өз алдына жеке тайпа болған. Кейiн көршiлес мемлекет талқан-
дап, оның халқын түгелдей қырып жiбередi. Тек бiр он жасар бала аман қалады.
Жауынгерлер оның кiшкентайлығын көрiп, оны өлтiруге аяйды да, аяғын кесiп,
оны сазды жерге тастап кетедi. Қаншық қасқыр келiп оны етпен асырайды.
(Бұдан әрі «Сүй кітабының екінші дерегін қайталайды – авт.)».
Төртінші дерек: Түрктердiң тегi сиуңнулардың терiскейiндегi Со
мемлекетiнен шыққан. Оның тайпа көсемiн «Абанбу» деп атайды. Олар он жетi
ағайынды едi. Оның бiреуi Ижынишиду деген, ол қасқырдан туған. Абанбудың
бауырларының бәрi тумысынан ақымақ болады да, оның мемлекетi жойылып
кетедi. Нишыду табиғаттың өзгеше құбылысын сезетiн қасиетiмен жел мен жаң-
бырды шақырып алатын едi. Ол екi әйел алады. Соның бiреуi – жаз бен қыс
және бұлт перiсiнiң қызы болатын. Ол бiр жүктi болғанда төрт ұл табады. Оның
бiрi – ақ қазға айналады, бiрi – Апу мен Жиән (қылыш) өзендерiнiң арасында
Чыгу деген мемлекет құрады. Бiрi – Чужы суының бойын, бiрi – Жиәнсячужы-
шы тауын мекендейдi. Соңғысы үлкен ұлы болатын. Тауда, сондай-ақ, Абанбу-
дың ұрпақтары да болды. Ол жерде көбiне суық, аяз болып тұрады. Үлкен ұлы
от шығарып, олардың барлығына жылумен көмектесiп, құтқарып қалады. Осы-
ған байланысты үлкен ұлды бәрi құрметтеп, оны өздерiнiң билеушiсi етiп сай-
лайды. (Мемлекетiн) «тужиө» деп атайды. Бұл – Надулиу-шы2 едi. Надулиу-
шының он әйелi болады. Балаларының бәрi шешелерiнiң атымен аталады. Ашы-
на оның кiшi әйелiнiң баласы-тын. Надулиу өлгеннен кейiн, он әйелдiң балала-
ры өздерiнiң iшiнен бiреуiн таңдап, оны таққа отырғызуға ұйғарады. Олар бiр
үлкен бәйтеректiң түбiне келiп, өзара: «Кiм бәйтерекке жоғары секiрсе, соны
таққа отырғызамыз», – деп ортақ келiсiмге келедi. Ашына жасының кiшiлiгiне
қарамастан, бәрiнен жоғары секiредi. Осыдан кейiн бауырлары оны құрметтеп,
билеушi етiп, «Асиән-шы» деп атайды» (Түріктер. Жыужандар. – Алматы, 1999. –
32-б.).
Қытайдың көне жазбаларындағы әйгілі Түрік қағанатының негізін қалаушы-
лардың шыққан тегі жөніндегі төрт деректің бары, міне, осы. Бұларды тұтастай
1 Ғұз тайпалары бiрлестiгiнiң аты, бұрынғы оқылуда «теле»
2 Бұл арада «Шы» иероглифi көне түрктiң «әскербасы» деген ұғымын бiлiдiретiн «шад»
сөзiн бередi
алып қарағанда, «Сүй кітабының» алғашқы дерегінен басқасының мифтік бояу-
мен әрленіп, тарихи нақтылықтан гөрі аңыздық сипат алғаны анық байқалады.
Бірақ аңыз деп қол сілтей салмай, оның айтарының мәнін ашып, ішіне еніп,
түсіністілікпен талдай алған жанға әлгі аңызыңыз өз сырын ашып, әрқайсысы
жеке мағлұмат бере аларлық бір-бір толыққанды дереккөзіне айналары даусыз.
Тек аңыз қауызын ашып, шындық дәнін таба білу қажет.
Бір ғажабы, әдетте белгілі бір мәселе жөнінде берілген бірнеше деректің ортақ
оқиғаларының басталуы біртектес болып келеді де, түйінделуі, яғни мәселенің
шешілуі әр қилыланып кетеді ғой. Ал мұнда олай емес, керісінше, бейне тұс-
тұстан өз арнасымен ағып келіп, ортақ бір көл құрайтын тау бұлақтарындай,
төрт дерек бір халықтың (түрктің) шығу тегінің бастауын әр тұстан шығарып,
ақырында әкеліп, бәрін ортақ бір аталықтың – Ашынаның ұрпағы етіп шығара-
ды. Түптеп келгенде, төрт аңызды ортақтастыратын негіз де осы – Ашына атауы.
Бұл атау жөнінде кейін арнайы сөз ететін болғандықтан, қазір кез келген халық-
тың таза бір атаның ұрпағынан құралмайтыны тарих дәлелдеген шындық еке-
нін еске сала отырып, әлгі Ашынаның өкше көтерген жерінің (бөлінген елінің)
төрт деректе төрт түрлі аталуына, атап айтқанда:
Бірінші деректе: «Түріктің (Ашынаның) арғы атасы Пиңлианда аралас-құра-
лас (көшіп жүрген) хулардан»;
Екінші деректе: «Түрік Үйінің (мемлекетінің) ата-бабасы – батыс теңіздің
(Сихәйдің) батыс жағында, өз алдына жеке аймақ құраған «Ашина» деп атала-
тын Хунну Үйінің бөлек бір бұтағынан»;
Үшінші деректе: «Түрік (Ашына) – сиуңнудың бір тұқымынан»;
Төртінші деректе: «Түріктің (Ашынаның) тегі сиуңнулардың теріскейіндегі
Со мемлекетінен шыққан», – делінуіне тоқталалық.
Сонда бұлардың қайсысы дұрыс? Неге деректердің бастауы әр түрлі де, ой
сарқар түйіні бір? Қалай және кім болғанда да, алтайлық түріктердің арғы тегі
деп есептелінетін бір тайпаның (халықтың) төрт жерден шығуы, болмаса төрт
мемлекеттен бөлінуі мүмкін емес қой. Міне, аңыз бен шындықтың іргесін ашып,
мәселенің түйінін шешу үшін тарихи танымның молдығын тілейтін тұс та осы
ара. Сондықтан «ойға ой қосылса – қазына» деген халық даналығын алға тарта
отырып, ортақ істің шешімін табуға септігі тие ме деген мақсатпен, енді осы
орайдағы пайымдауымызды ортаға салып көрелік.
Менің пайымдауымша, мәселенің бар түйіні, жоғарыда айтылғандай,
көшпелі халықтардың тарихына бейне жекелеген тұлғалардың өмір жолын зерт-
тегендей, белгілі бір уақыт аясында тар шеңберде қараудың үрдіске айналуында
жатқан тәрізді. Мысалға осы алтайлық түрктердің тарихын алайықшы. Олар-
дың тарихқа алғаш танылған кезі, қытай жазбаларының дерегі бойынша,
545 жыл. Осы жылы түрктерге Вей патшалығының елшісі келіп, сол арқылы
олар жөніндегі дерек Вей әулетінің шежіресіне енеді. Ресми тарих түрк халқы-
ның тарихын, міне, тап осы жылдан бастайды және оны біз «тарихи шындық
осы» деп қабылдап келдік. Басқада шаруамыз болмады. «Ау, түрктер деген сол
жылы салынған белгілі бір құрылыс нысаны, болмаса сол жылы туған адам емес,
ҰЛЫ ҚАҒАНАТ 139
тұтас бір ел, жеке халық қой, қалай ол бір жылда пайда бола қалады?» дегенге
бас қатырып жатпадық, соған орай олардың бұған дейінгі тарихына да ден қой-
мадық.
Осындай тірліктің зардабынан бір алтайлық түріктер ғана емес, байырғы
көшпелі халықтардың қай-қайсысының да қайдан шығып, қайда келгені анық-
талмай, олардың өмір жолының бастауы үнемі шешусіз жұмбақ күйінде тұман-
данып қалып келді. Күні бүгінге дейін қазақ халқының негізін құраған іргелі
тайпа бірлестіктерінің, ең болмаса, біреуінің арғы тегінің кімдер болғанының,
олардың қайдан шығып, қайда барғанының басы ашылып, а