16 Тамыз 2016, 06:29
Бірақ бұл атаулардың аттары өзгергенімен, заттары, яғни мән-мағынасы ешқандай өзгеріссіз, сол баяғы қалпында қалды. Нақтырақ айтқанда, отырықшылар - өркениеттілер, мәдениеттілер; ал көшкіншілер – жабайылар, тағылар. Бүкіл саналы ғұмырын көшкіншілер тарихын зерттеуге арнаған өткен ХХ ғасырдың авторы, орыс ғалымы Л.Н. Гумилевтің: «ХІХ ғасыр бүкіл прогресшіл өркениетті тек отырықшы халықтар жасаған, ал Орталық Азияны бейне бір тоқырау, болмаса жабайылық пен тағылық жайлаған деген тұжырымдаманы (концепцияны) мұра етіп қалдырды. Бұл тұжырымдаманың ең жаман жері - оның қателігінде ғана емес, оны ешқандай сынауға жатпайтын ғылымның жетістігі ретінде ұсынылуында» (Гумилев Л.Н. Хунны в Китае. Санкт-Петербург. 1994.стр.6) – деп ой түюі, осындай қитұрқы орын ауыстырудың мәніне көз жеткізгендігінен болса керек. Ал «ХІХ ғасыр қалдырды» деген осы мұраның ХХ ғасырдан да қаймағы бұзылмай өтіп, ХХІ ғасырдың табалдырығынан аттағаны да бұл күнде ешкімге жасырын сыр емес. Бұл арада Л. Гумилевтің «Орталық Азияны» деп отырғаны соның ежелгі замандардан бергі тұрақты тұрғындары көшкіншілер жөнінде екенін түсіну тарихтан хабары бар кім-кімге де онша қиындық туғызбайды ғой деп білеміз.
Ғылымда үстемдігін жүргізіп, өткеннің тарихына қалауларына қарай төб